Тоқаев салық заңнамасына өзгеріс енгізетін құжатқа қол қойды
Тоқаев салық заңнамасына өзгеріс енгізетін құжатқа қол қойды
231
оқылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңға қол қойды,  - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. «Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", - делінген хабарламада.