Қазақстандық дәрігерлер мен Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы әлеуметтік желілердегі аккаунттарында «жан айқайын» жариялап, ел тұрғындарына Whats App арқылы емделуді доғаруды, бір-біріне коронавирусты «емдеу хаттамаларын» таратпауды өтінуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Барлығын доғаруларыңызды өтінемін! Whats App арқылы тараған хабарламалармен емделмеңіздер! Біреулер жіберген «емдеу хаттамасын« таратуды қойыңыздар», - деп жазды дәрігер, Отбасылық дәрігерлер қауымдастығының оқытушы-кеңесшісі Елена Хегай.
Сонымен қатар ол әріптестерін үй жағдайында Дексаметазон мен Преднизолон дәрілерін тағайындауға, сонымен қатар үйде ішуге 8-15 препарат жазып беруді қоюға шақырды.
«Амбулаторлық кезеңде негізгі назар симптомдар мен белгілерге, симптомдық емдеуге (жылы сұйықтықты үздіксіз ішу, толыққанды емдеу және теңгерімді тамақтану) аударылып, қарқынды бақылау жүргізілуі тиіс. Дәрілері - Ибупрофен немесе парацетамол», - деп кеңес береді ол.
Е.Хегайдың атап өтуінше, тіпті антибиотиктің өзі науқастардың басым бөлігіне аурудың алғашқы 7-10 күнінде тағайындалуы тиіс.
«Егер ол (антибиотик) тағайындалғанның өзінде тек бір препаратқа ғана және таблетка түрінде», - деді дәрігер.
Дәрігерлердің атап өтуінше, бүгінгі күні COVID-19-ға қарсы тиімділігі дәлелденген бірде-бір дәрі жоқ. Ацикловир гербес тобына кіретін вирустарға қарсы қолданғанда ғана тиімді. Ал Осельтамивир тұмауға ғана пайдалы.