Елорда күніне орай Алматыда 40 нысан пайдалануға берілді
Елорда күніне орай Алматыда 40 нысан пайдалануға берілді
фото: ашық дереккөз
238
оқылды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Елорда күніне орай Алматыда 40 нысан пайдалануға берілгенін айтты. «Берілген нысандар бойынша аралық қорытынды шығарылды. Әлбетте, карантин қалыпты өмірімізге өзгерістер енгізді. Десе де, Астана күніне дайындығымыз жаман емес», – деді Б. Сағынтаев. Қала әкімі Елбасының және Мемлекет басшысының Алматы қаласын дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйге ерекше назар аударылғанын айтты. 4 мектеп, 2 балабақша, 2 музыкалық мектеп, 100 келушіге арналған және 40 төсек-орны бар медициналық орталық пайдалануға беріледі. Құрылысшылар алты тұрғын үй кешенінен 179 мың шаршы метр тұрғын үйді, бұл дегеніміз – 1,5 мың пәтерді өткізуге дайын. Бизнес саласы бірқатар коммерциялық жобаларды жүзеге асырмақ. Олар пандемия еңсерілгеннен кейін толық қуатымен жұмыс істейтін жаңа өндірістерді іске қосады. Бұл нысандарда 3200 жаңа жұмыс орны ашылады