Коронавирусқа шалдыққан 260 адамның жағдайы өте нашар
Коронавирусқа шалдыққан 260 адамның жағдайы өте нашар
Фото: Интернеттен алынды
196
оқылды
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы: «Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясының 49 мың 680 жағдайы тіркелді. Тәулік ішінде 1109 жаңа жағдай қосылды. Барлық тіркелген жағдайлардың жалпы санының 63,9 % бүгінгі күні емделіп, күнделікті өмірге оралды. Пациенттердің тек қана 30%-ын емдеу жалғасуда. Ол 17 600 науқасты құрайды. Оның ішінде емханалардағы 8300 науқаста ауру симптомсыз немесе жеңіл түрде өтіп жатыр. Ал 9 мыңнан астам пациент инфекциялық стационарларда ем алып жатыр», –  деді брифингте.
Оның айтуынша, реанимацияда ауыр және өте ауыр жағдайда жатқан 260 науқас бар. Оның ішінде 12 жүкті және босанған әйел, бір бала бар. Бұл пациенттердің 72% өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.