– Менің ойымша, ендігі ең маңыздысы – дүрбелеңге салынбау. Мемлекет пандемиямен күрес үшін шұғыл шаралар қабылдап жатқанын түсінуіміз керек. Президент үйде көмек көрсету үшін мобильді медбригадалар құрылып жатқанын мәлімдеді. Бұған қоса, дәрі-дәрмекпен ауруханаларды ғана емес, сонымен қатар дәріханаларды қамту мәселесі шешілуде. Бастысы, қазақстандықтар әйтеуір, қор жасап қояйын деп түскен жаңа дәрілерді көтеріп сатып алып кетпесе болғаны.
Айтқандай, Қазақстанда КВИ-ді емдеу үшін керек вирусқа қарсы дәрілерді әкелу рәсімдері жеңілдетілді, елде бұрын тіркелмеген түрлерін тіркеу және сертификаттау мерзімі кемітілді. Дәріханалар желісіндегі парацетамол және антибиотиктер тапшылығы мәселесі шешіліп жатыр. COVID-19 індетіне шалдыққан адамдарды қабылдауға және емдеуге арналған жаңа орындар жабдықталуда.
Әскери медицина қызметкерлері де республикадағы коронавируспен күреске белсенді жұмылдырылды. Ауруды анықтау үшін қажетті жабдықтар – ПЦР-тестілер қосымша сатып алынды.
Бізден, қазақстандықтардан тек жағдайға жауапкершілікпен қарау, қауіпсіздікті, тыныштықты, санитарлық шараларды сақтау талап етіледі. Біз халық болып бірігуіміз керек. Сонда коронавирустың ары қарай таралуының және адамдардың құрбан болуының алдын ала аламыз.
Ольга ПЕРЕПЕЧИНА,
сенатор