Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі төмен немесе нөлдік қаупі бар адамдардың кімдер екені белгілі болды. Ресейлік дәрігер-иммунолог Николай Крючков осындай мәлімде жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Дәрігердің айтуынша, туғаннан иммунитеті мықты адамдар коронавирусқа шалдыға қоймайды.
"Салыстырмалы түрде кішкентай вирустық "дозада" мұндай иммунитет жоғарғы тыныс алу жолдарының деңгейінде жұмыс істейді және инфекцияның ағзаға енуіне жол бермейді", - деді дәрігер "Комсомольская правда" басылымына берген сұхбатында.
Оның пікірінше, коронавирус жұқтыру қаупі төмен азаматтардың санатына денсаулығы мықты, азғасы тромбозға (тамырда қанның ұюы - автор) және иммундық реакцияға бейім емес адамдар да жатады. Алайда олар ауру жұқтырған күннің өзінде коронавирус инфекциясының белгілері байқалмайды.
"Біреу оған назар аударып, мән бермеуі мүмкін. Мысалы, ол бірнеше күн жөтеліп қана қояды. Алайда ағзада инфекция болады. Спецификалық иммунитет жұмыс істей береді", - дейді Николай Крючков.