Үш өңірде дәрігерлерге сый жасады
Үш өңірде дәрігерлерге сый жасады
5,245
оқылды
Батыс Қазақстанда дәрігерлерді қолдау акциясы басталып кетті. Олар коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы шепте жүрген ақ халаттыларға қымыз жеткізіп беруде. «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мұрат Мұқаев бүгінде өз өмірлеріне қауіп төніп тұрғанына қарамай, жұртты инфекциядан құтқару үшін еңбектеніп жатқан жандарға көмек көрсетуге шақырған болатын. Осыған орай, «Жайлау» ЖШС-мен жасалған келісім бойынша волонтерлар медицина қызметкерлерін бір ай бойы қымызбен қамтамасыз етіп отырады. Ол үшін «Jas Otan» Жастар қанаты "Ақ халатты абзал жандар ауырмасын" атты акциясын бастаған. Мақсат – науқастардың жанында жүрген дәрігерлердің денсаулығын нығайту. Жергілікті "Жайлау" шаруа қожалығы бір ай бойы аймақтағы науқастар жатқан аурухана дәрігерлерін 1 тонна саумал және қымызбен қамтамасыз етпек.    width= Ал Түркістан облысында волонтерлар 24 сағат бойы үздіксіз еңбектенуде. Жергілікті ауруханалардан оттегі баллондарын толтыру цехтарынан жеткізіп, кері әкеліп тасып отыруға ат салысып жатыр. Бұл шарадан Қызылорда облысы тыс қалған жоқ. Өңірдегі «Jas Otan» Жастар қанаты белсенділерінің үндеуіне көгалдағы хоккей – «Қайсар» командасының спортшылары да қосылды. Спортшылар медициналық қорғаныс заттарын, оттегі баллондарын және тыныс алу аппараттарын алуға көмектесіп жүр. Одан бөлек "Jas Otan" Жастар Қанатының ұйымдастыруымен, еріктілер әр аудандағы жұқпалы аурулар аруханасына жеміс-жидек, таза ауызсу мен медициналық бетперделер жеткізіп берді. Атап өту керек, акцияға қатысқан барша волонтерлар жеке қорғаныс заттарымен қамтылған.

                                                     Мадияр ТӨЛЕУ