Бауыржан Байбек Birgemiz қорынан көмек алу үшін БЖТ төлеу керек деген ақпаратты жоққа шығарды
Бауыржан Байбек Birgemiz қорынан көмек алу үшін БЖТ төлеу керек деген ақпаратты жоққа шығарды
Фото: Интернеттен алынды
346
оқылды
Ол Facebook-тағы парақшасында: Құрметті достар! Әлеуметтік желілерде «Biz Birgemiz» ұраны аясында телеграм-боттар мен әртүрлі онлайн төлем жүйелері арқылы 50 мың теңгеден таратылып жатыр екен деген жалған ақпарат пайда болғанын хабарлаймын. Кейбір азаматтар қордың қайырымдылық көмегін алу үшін 2485 теңге мөлшерінде біржолғы жиынтық төлем төлеу қажет деген фейк хабар таратып жатыр.   [caption id="attachment_58412" align="alignnone" width="641"] width= Фото: Бауыржан Байбектің Facebook-тағы парақшасынан алынды[/caption] Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қор қаражатынан берілетін материалдық көмек алушыларға екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке тұлғаның карточкасына немесе ағымдағы есепшотына аудару тәсілімен беріледі. Бұл ретте қандай да бір құжат ұсыну немесе салық төлеу талап етілмейді. Сонымен қатар банктер ешқандай комиссия алмайды, егер алушының банк алдында несиесі бойынша қарызы болса да, бұл қаражат осы қарызды өтеу үшін ұсталмайды. Өздеріңіз білетіндей, Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры алғашқы күннен бастап 550 мыңнан астам қазақстандық отбасыға атаулы көмек көрсетті. Сондай-ақ коронавируспен күреске жұмылдырылған 2 мыңнан астам медицина қызметкері де 50 мың теңгеден алды. «Jas Otan» белсенділері 300 мыңдай отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізіп берді. Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Мақтаарал ауданындағы су басудан зардап шеккен Достық ауылының тұрғындарына арнап жаңа үйлер салуға қордан 340 миллион теңге бөлінді. «Birgemiz» қоры ашық және есеп беру қағидаттары негізінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету жұмыстарын ары қарай да жалғастыра береді. Осындай күрделі кезеңде кейбір теріс ниетті жандардың қиындыққа душар болған азаматтардың сенімімен ойнауы өте өкінішті жайт. Қор басшылығы мұндай алаяқтық әрекеттердің жолын кесу үшін құқық қорғау органдарына жүгінеді. Тағы да қайталап айтқым келеді, тек ресми ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер!» – деп жазды.