«Nur Otan» Ресейден гуманитарлық көмекпен жіберілген коронавир дәрісінің Павлодар облысына таратылуын қадағалайды
«Nur Otan» Ресейден гуманитарлық көмекпен жіберілген коронавир дәрісінің Павлодар облысына таратылуын қадағалайды
213
оқылды
Мониторинг жүргізген жұмыс тобының құрамына партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аймақтағы кәсіподақтар бірлестігінің және қоғамдық кеңес мүшелері кірді.    width= Гуманитарлық көмектің ішінде арнайы материалдардан жасалған қорғаныш киімінің жиынтығы, медициналық маскалар, қорғаныс көзілдірігі мен комбинезондар, хирургиялық қолғаптар, инфрақызыл термометрлер бар. Сондай-ақ, Павлодар облысына алғаш рет  коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды орташа ауыр жағдайда емдеуге арналған коронавир дәрілік препараттының 230 қаптамасы келді. Бұл гуманитарлық көмек өңірдің 38 медициналық мекемесіне бөлінді. Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі құрал-жабдықтардың талан-таражға түсіп кетпеуі үшін әрбір қаптамаға «тегін» деген таңба салды. Партиялық бақылау тобының мүшелері көмектің әрбір ауруханаға жүйелі түрде таратылуын қадағалайды. Алдағы аптада мұндай мониторингті қалалар мен аудандарда партиялық бақылау комиссиясының мүшелері одан әрі жүргізбек.
«Менің ойымша, адамдарға айқын көрініп тұратын ең тиімді әдіс – гуманитарлық көмек. Көмек ретінде жіберілген дүние сатылымға түспеуі керек. Дәріханаларда сатылып тұрғанын көрген азаматтардан бұл туралы бізге дер кезінде хабарлауын өтінеміз», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  Павлодар облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары  Ардақ Балғожин.
Сонымен қатар Павлодар облысының кәсіпкерлері провизорлық госпитальдарға 3 дана Бобров аппараты мен дәрілік препараттар және 1400 литрден астам ауыз су жеткізді.    width= «Nur Otan» партиясы қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Михаил Желнов оттегіні ылғалдандыру үшін Бобровтың 3 аппаратын сатып алып, оны облыстық кардиологиялық орталығына, №1 қалалық ауруханаға және жедел медициналық жәрдем ауруханасына табыстады. Сондай-ақ, провизорлық госпитальдардың қызметкерлеріне кәсіпкер 400 литрден астам ауыз су апарды.
– Бұл ауруға салғырт қарауға болмайды, бұны барлығы түсінді. Ешкім бұлай болады деп ойлаған жоқ. Өйткені адамдар 5 ай бойы палаталардан шыққан жоқ деуге болады. Дәрігерлер, медбикелер, тіпті жүргізушілер және басқа да қызметкерлер бұл дертпен күресіп жатыр. Сондықтан кәсіпкерлер де бұл дертті ауыздықтауға өз үлестерін қосуы керек деп есептеймін. Мен кәсіпкер ретінде өз шама-шарқымша 1 қалалық ауруханаға көмек бердім. Кір жуатын машиналар, бетперделер және ауызсумен қамтамасыз еттім. Түркияда жасалған оттегі аппараттарын алдырдық. Елге пайдасы тисе деймін. Өзім сияқты барлық кәсіпкерлерді, жалпы ақшасы бар, мүмкіндігі бар жандарды көмек қолын созуға шақырамын. Ақшалай болсын, дәрі-дәрмек, азық-түлік арқылы болсын, ауруханаларға, мұқтаж адамдарға көмектесейік. Ел басына үлкен қатер төнді. соны бірге жеңіп, қиындықты бірге еңсеруіміз керек. Мемлекеттің басты байлығы - адам. Күш біріктіріп, бір-бірімізге көмектессек барлығы жақсы болады деп сенемін, – деді Михаил Желнов.
 width=   Ал «Blu Star» ЖШС директоры, қалалық мәслихат депутаты Қобланбек Қожин шағын және орта бизнес өкілдерімен, түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарымен бірлесе отырып, қаланың провизорлық госпитальдарына жалпы сомасы 1,5 млн теңге тұратын дәрі-дәрмектерді жеткізді. Атап айтқанда, фторхмиолин, азитромицин, парацетамол, аспирин, тромбоасс, клексан препараттары бар. Одан бөлек «A.R.S.-Ойл» ЖШС директоры, «Nur Otan» партиялық кадрлық резервіне қатысушы Әлия Асқарова болса, қаланың үш провизорлық госпиталіне 1000 литрден астам ауыз су жеткізді.
«Бұл – препарат коронавируспен күресте қолданылып жатқан жаңа дүние. Оның Қазақстанға жеткізілгені жақсы болды деп ойлаймын. Бұл препарат біздің хаттамамызда бар деп айта алмаймын. Бірақ менің білуімше, Денсаулық сақтау министрлігі оны қабылдады. Павлодар облысына «Коронавирдің» 230 қаптамасы бөлінді. Бұл – үлкен көмек», – дейді «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы бақылау комиссиясының төрағасы Олег Костенко.
   width= Облыс орталығында провизорлық госпитальдар мен ауруханаларға көмек көрсету бойынша жұмыстар одан әрі жалғасты. Қалалық мәслихат депутаттары мен бизнесмендер тұрақты түрде демеу болып, Мойылды шипажайы, психоневрологиялық диспансер және №3 қалалық аурухана базасында провизорлық госпитальдардың пациенттері дәрі-дәрмектер мен қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. №1 қалалық ауруханаға 2 кір жуғыш машина, минералды су және медициналық маскалар жеткізілсе, №2 қалалық емханаға-минералды су және медициналық маскалар үлестірілді. Оған қоса обаға қарсы 7 костюм, 5 жұп қорғаныш көзілдірігі, 100 жұп бахила, 100 жұп медициналық қолғаптар және мешіт қызметкерлеріне арналған 15 респираторлық маскалар тігіліп, таратылды. Өңірдегі халық қалаулылары мен кәсіпкерлер медициналық мекемелерге бірнеше рет көмек көрсеткен, және бұл жұмысты одан әрі жалғастырмақ ниетте. Сонымен қатар өңірдің белсенді азаматтарын бұл бастаманы қолдауға шақырып отыр.    width= Аталмыш акцияның жүзеге асуына жасотандықтар да өз үлесін қосты. Бүгінде «Денсаулық себеті» акциясын павлодарлық «Jas Otan» жастар қанатының волонтерлері де қолдады. Жас еріктілер провизорлық госпитальдардың медицина қызметкерлеріне «Денсаулық себетін» жеткізуді ұйымдастырды. Волонтерлер себетке жеміс, бал, қымыз, шай, кептірілген жемістер, антисептикт пен маскалар салған. Мұндай көмекті облыстық кардиологиялық орталықтың, №1 қалалық аурухананың және жедел медициналық жәрдем ауруханасының дәрігерлері мен медбикелері алды.    width= «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері еріктілерді бүгінгі күні жерлестерімізді құтқару үшін өз өмірлерін қауіп-қатерге тігіп отырған медицина қызметкерлеріне көмек көрсетуге шақырды.  

                                                     Мадияр ТӨЛЕУ