Әр отбасы – назарда
Әр отбасы – назарда
186
оқылды

«Қарашығанақ Петро­лиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы Орал маңын­дағы аймақ тұрғындары­ның өмір сүру сапасын арттыруға арналған әлеу­меттік жобаларды іске асырады. Олардың ең ірісі – Березовка және Бестау ауыл тұрғындарын көшіру. Осы бір ауқымды көшіру туралы Үкімет қаулысы 2015 жылдың жазында Қарашығанақ мұнай газ конденсаты кен орнының есептелген сани­­тарлық-қорғау айма­ғын алдағы кеңейтуге байланысты қабылданға­нын еске сала кетейік. Жоба 2017 жылы аяқтал­ды. Осы бір қомақты мерзімге дайындық кезеңі де енген. Өйткені, ең алдымен, әр отбасының жағдайы ескерілген бо­ла­­тын. Бүгінде, қоныс­та­нушылар жаңа жерге жай­ғасқаннан кейін, кө­ші­­ру жұмыстары ха­лықа­ралық нормаларға толық сәйкестікте және заңна­маны қатаң сақтай отырып жүргізілгені сөзсіз айқын.

Әдеттегідей, үйлесімді іс-қи­мылдар табысқа қол жеткізеді. Осындай күрделі міндетті атқару үшін арнайы комиссия құрылды. Қаржыландыруды және тапсырыс берушінің рөлін ҚПО өз мойнына алды. Тығыз өзара іс-қимылмен атқарушы органдар, депутаттар, қоғамдық ұйым өкілдері де жұмыс атқарды. Қоныстанушыларға бірдей және барынша қолайлы тіршілік етуге жағдай жасаумен қатар, олардың талап-тілектерін ескеру үшін сауалнама жүргізу, анкета толтыру, ашық есік күндері ұйымдастырылып, жиындар мен кездесулер, консультациялар өт­кізілді. Сондағы айтылған ең өзек­ті мәселелерді ескере отырып, кө­шірудің жай-жапсары, тетіктері мен ережелерін толық түсіндіретін брошюралар шығарылды. Осы­лай­ша, әр отбасының ықтимал нұсқалардың қайсысы өздеріне анағұрлым қолайлы және қажет деп есептейтіні анықталды. Пі­кірлер келесідей түрде бөлінді: бірі жайлы жабдықталған пәтер алғысы келсе, басқалары ауылдық өмір салтын сақтап, қосалқы шаруашылық үшін жер телімі бар жеке иеліктегі үй-жайды қалады.

Көшіру бірнеше кезеңмен жүр­гізілді. Ал кестесі мен мерзімдері әлеуметтік әділдік талаптарын ескере отырып анықталды.

Соғыс ардагерлері, жалғыз­басты зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі адамдар, мүгедек ба­лалары бар отбасыларға артық­шылық берілді. Олар үшін бір мез­гілде Бөрілі ауданы мен Қара­шығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының әкімшілік орталығы болып табылатын Ақсай қаласында қоныстану үшін екі көппәтерлі үй дайындалған. Пәтерлер отбасы мүшелерінің саны мен бұрынғы иеліктегі үй-жайының ауданын ескеру арқылы бөлінді. Сонымен бірге, бір адамға есептелген ең аз аудан 15 шаршы метрді құрайды. Алайда егер бұрынғы тұрғын жай үлкен болса, сәйкесінше жаңа пәтерлер де кеңірек болады.

ҚПО іске асырылатын барлық жобаларға үнемі ең жоғары сапа талаптарын қояды. Сондықтан да қаланың жаңа тұрғындары бүкіл керек-жарағы бар және жайлы­лы­ғы жоғары үйлерге көшті. Мер­ді­гер­лер объектілерді қабылдау ко­мис­сиясына қандай да бір ақау­сыз немесе кемшіліксіз тапсырып қана қойған жоқ. Сондай-ақ құ­рылыс­шылар пәтерлерді газ жы­лытқыш­тары мен асүй жиһазда­ры­мен жабдықтау арқылы да қам­қорлық жасады. Абаттандырылған аулалар көгалдандырылды. Бала­ларға ар­налған ойын алаңдары мен көлік қоятын орындар жасалды. Егер кез келген құрылыста кездесуі мүмкін қандай да бір мәселе туын­даса, олар үш жылдық кепілдік міндеттемелер аясында жойы­латын болады.

Жаңадан қоныстанушылар көшіп келе салысымен, пәтердің жоспары, кең бөлмелер, әрлеу жұмысының сапасы, шыныланған балкондар көңілдерінен шық­қанын айтып жатты. Ата-аналар мен өз отбасы бар балаларына жеке пәтер алу құқығы берілгеніде ауыз толтырып айтарлықтай. Оның үстіне, бұл қатар тұрған үйден болғаны, тіпті қуантарлық. Жақын маңда мектеп, балабақша мен емхана да қолайлы орналасқан.

Екінші кезеңде Ақсайдан же­ңілдігі бар топқа кірмегендер пә­тер алды. Солар үшін Ақсай қала­сының «Қарашығанақ» шағын ауданында тоғыз қабатты тұрғын үйлер тұғызылды. Олардың типі мен стандарттары көшірудің бі­рінші кезеңінде берілген үйлермен барабар. Көрші қоныстанған ауыл­дастар ауылдағы әдеті бойынша кеш сайын аулада жиналып тұрмыс туралы талқылайды. Бұрынғы ескірген үйдің орнына жаңа тұрғын жай алу мүмкіндігі көпшілігі үшін үлкен сәттілік деп айтуда. Оның үстіне оларға шаруашылық қора-қопсы мен жер телімдері үшін бір реттік өтемақы, сондай-ақ көшіп-қону және ауыспалы кезең үшін жәрдемақы төленді.

Ауыл өмірімен қоштасқысы келмегендер үшін, Ақсайдан бір­неше шақырым жердегі «Аралтал» шағынауданында жер телімі мен шаруашылық қора-қопсысы бар үй-жайлық жері бар 100 үй тұрғызылған. Алайда абаттандыру деңгейі бойынша қалалық пәтер­лерден еш кем емес. 95 шаршы метрлік ауданы бар 50 үш бөлмелі коттедж мен 105 шаршы метрлік ауданы бар соншама төрт бөлмелі коттедж, шын мәнінде, қала типіндегі жаңа елдімекен.

Оларға барлық коммуника­циялар: газ, электр, су тартылған, жол төселген. Әр үй он соттық жер телімінде орналасқан. Бұл қосалқы шаруашылық үшін жеткілікті. Қалауы бойынша кейбірі бақша салып, жеміс ағаштарын отырғы­зып үлгерген. Құрылыс орны әб­ден ойналып таңдалған және қоныс­танушылар да өте сәтті деп есептейді. Ақсайға дейін тиіп тұр. Ол көз ұшы жетер жерде. Бұл қалада жұмыс істейтіндер үшін де өте ыңғайлы.

Сонымен бірге, ауыл шаруа­шылығы бизнесімен шұғылдануға да қолайлы. Сөз арасында, жаңа қоныстанушыларды еңбекпен қамту мәселелерін шешуде жан-жақты қолдау көрсетілді.

ҚПО әлеуметтік жобаларды іске асыруда, әдеттегідей, тек қа­зақстандық құрылыс компания­ларын пайдаланды. Құрылыс­шы­лардың айтуынша, олар аса жа­уапты объектілерді сеніп тапсыр­ғанын түсінген. Өйткені туған ауы­лымен қоштасу ешкімге де оңай емес. Сондықтан да өте сапа­лы, белгіленген мерзімдерді сөзсіз сақтай отырып атқаруға тырысты.

Ал тапсырыс беруші өндіріс жұмысы үшін барлық жағдайды жасады. Оның үстіне барлық жаңа мекенжай бойынша молынан кепілдік мерзім берілген. Құрылыс процесін бақылау үшін болашақ қоныстанушылар арасынан, яғни ең мүдделі бақылаушылардан бастамашыл тобы құрылғанын айтпауға болмайды. Іргетасты қалау сәтінен объектілерді кілтімен тапсыруға дейін тұрақты жұмыс істеген бастамашыл топ өкілдері де жерлестерінің барлық ескер­тулері мен ұсыныстарын жинап, оларды кейіннен қарау үшін бірлескен комиссия назарына жеткізіп тұрды.

Ақсай тұрғындарының елеулі толығуы қосымша инфрақұрылым құруды талап етті. «Қарашығанақ» шағын ауданында типтік бала­бақша, ал Аралталда жаңа мектеп тұрғызылды. Бұл жобаның соңғы аккорды болды. Мектепте сапалы білім алу үшін барлығы қарасты­рылған. Физика, химия және био­логия кабинеттері заманауи құрал-жабдықпен жасақталды. Заманауи талаптарды ескере оты­рып, лин­гафонды-мульти­медиа­лық сы­ныптар, шеберхана жасақ­талды, акт және спорт залы бар. Са­бақтан кейін балалар үйірмелер мен секцияларда шұғылдана алады.

Көшіру процесінің ашықтығы мен әділдігі дайындық кезеңі ке­зінде де, құрылыс кезінде және жаңа қоныстанушылар жаңа үй­лерге кірген уақытта да мемлекеттік және қоғамдық бақылаушымен үнемі бақыланып отырды. Бұдан басқа, жұмысқа және оны жоспар­лауға, орындауға халықаралық сарапшылар тартылды.

Березовка мен Бестаудан бар­лығы 464 иеліктегі үй-жай көші­рілді, ал бұл екі мыңға жуық адам. Жақсысы, белгілі болғандай, олар тез үйреніп келеді. Адамдар жаңа жердегі өмір артықшылығын бағалап та қойды. Алайда олардың пікірлерінің «барометрі» болып табылатын жаңа қоныстану­шы­лардың шағымдар мен ұсыныстар монитрингі және оның мақсаты әр отбасын назарда ұстап, көңіл аудару әлі де жалғасуда.

 

Серік ӘЛІМЖАН