Қазіргі уақытта ауру белгілері жоқ адамдардың өзі компьютерлік томографиядан өткісі келеді. Біріншіден, КТ – скрининг емес. Бұл зерттеу түрі үшін нақты көрсетілімдер мен ауру белгілерінің болуы керек.
Пневмония жағдайында 38-38,5 градустан жоғары дене қызуы, қақырық аралас қатты жөтел, тыныс алудың ауырлауы, кеуденің қысылу сезімі, бас ауруы, қан түкіру, тәбеттің жоғалуы, қан қысымының төмендеуі, тахикардия, бұлшықет әлсіздігі, жүректің айнуы, құсу белгілері болады. Алайда бұл әдіс арқылы тексерістен өту қажеттілігі туралы түпкілікті шешімді дәрігер қабылдайды.
Иондық сәулеленуді қолданатын диагностикалық зерттеу әдісі ретінде томографияның тиімділігімен қоса, жағымсыз салдары да бар. Себебі рентген сәулесі қан құрамына қатты әсер етіп, оны өзгертеді. Егер зерттеу кезінде сәулелену дозасы рұқсат етілген нормадан асып кетсе, патологияның дамуына әкелуі мүмкін. Нәтижесінде ересек адамда лейкемия, тромбоцитопения, гемолитикалық өзгерістер, эритроцитопения пайда болуы мүмкін.