«Парасат мектебі» жұмысқа кірісті
«Парасат мектебі» жұмысқа кірісті
356
оқылды

Алматы облысында жаңа оқу жылынан бастап барлық білім ошағында «Парасат мектебі» жұмысын бастайды. Онда жас буынды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға үйретіп, адалдыққа баулымақ. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында журналистермен жолыққан жаңа жоба жетекшілері жаңалықтың жай-жапсарын, тиімділігін жан-жақты баяндауға тырысты.

Игі бастама «Жетісу адалдық ала­ңы» аясында жүзеге асырыла­ды. Қазіргі кезде білім саласында «Парасат лагері» жұмыс жүргізу­де. Бұл жоба бойынша 32 000 мың­­нан аса жеткіншек жазғы дема­лыс орнымен қамтылған.

Жалпы, облыстық сыбайлас жем­­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі жыл басынан бері 100-ден аса шара ұйымдастырды. Со­ның бірі бүгінгі күні аса өзек­ті­лігі­мен ерекшеленіп тұрған жол қоз­­ға­лысы қауіпсіздігін сақтауға қа­тыс­ты «Жол бер, өмір сыйла» акциясы.

Күн­делікті өмірде көріп жүр­ге­­німіздей, автокөлік құрал­да­рының жүргізушілері жол қозға­лысы ережесін жиі бұзады. Со­лары арқылы өз бастарымен бір­ге басқа да жолаушылар мен жүр­гізушілердің өмірі мен ден­сау­­лығына қауіп төндіреді. Тағы бір назар аударатын өкінішті жағдай – автокөлік құралдары жүргізу­шілері­нің адам өмірін арашалауға асығып бара жатқан жедел жәр­дем автокөліктеріне жол бермей, жанталасатыны. Осын­дай ойсыз әрі өрескел әре­кет­тері арқылы олар жолда қа­уіп­ті жағдай туғызып, қыл үс­тін­де тұрған науқастың ауру­ха­наға дер кезінде жеткізілуіне кедергі келтіреді. Мұндай әрекет­тер­дің соңы көбіне қайғылы аяқта­лып жатады. Жедел жәрдем авто­кө­лі­гіндегілердің адам өмірі үшін арпалысып жатқанын, ол біреудің бауыры немесе баласы болуы мүм­кін екенін ойлайтын адамдар аз. Осы жағдайдың аса маңыз­ды­лы­ғын ескерген департа­мент «Жеті­су – адалдық алаңы» жоба­сы аясында «Жол бер, өмір сый­­ла» акциясын ұйымдастырды. Аталған акцияның басты мақсаты – көлік жүргізу­ші­лері арасын­да парасатты­лық­ты қалып­тасты­рып, өзара сыйластық пен түсі­ніс­тікті наси­хаттау.

«Бұл акция көлік жүргізу­ші­ле­ріне ғана емес, барлық азамат­тарға жақсы үлгі болары анық. Акция полиция департаменті мен денсау­лық сақтау басқармасының қол­дауы­­мен ұйымдастырылды. Қысқа уақыт­тың ішінде жедел жәрдем көлі­гіне жол бермегені үшін бірне­ше көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды» дейді «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсе­сі­нің басшысы Аманжол Тоқтарұлы.

 

Болат АБАҒАН
Алматы облысы