Оқу жылына дайынсың ба?
Оқу жылына  дайынсың ба?
201
оқылды

Жақын күндері білім ордалары оқушыларға есігін айқара ашпақ. Санаулы күндерден кейін ұстаздар қауымы жұмысын бастап, мектептерде оқу үрдісі қыза түспек. Сондай аймақтың бірі – Қызылорда облысы Арал ауданы. Сол жақтағы білім ордаларының жаңа оқу жылына әзірлігін, білім бөліміне қарасты мекемелердің жай-күйін, аудандағы күрмеуі көп саланың кездесетін ауқымды мәселелерін жан-жақты қарауға тырыстық.

Аудан бойынша екі мыңнан аса мектеп мұғалімі бар. Оның басым бөлігі – жоғары білімді ма­ман­дар. Биыл 2-4 маусымда Қазалы ауданында өткен педагог­тар­­дың ұлттық біліктілік тесті­ле­уіне 662-сі қатысып, оң нәтиже көрсеткен болатын. Үкіметтен білім саласына 9 млрд 312 млн 872 мың теңге бөлінді. Оның ішінде білім ордасының жөндеу жұмыс­тары да кіреді. Мысалы, Арал қала­сындағы №83 орта мектептің аула­сындағы әжетхана, №13 мек­тептің мұғалімдер бөлмесі мен спорт залына қаржы бөлін­ген. Қа­зір мемлекеттік сатып алу жұ­мыс­­тары жүргізілуде. Оған қоса, білім беру нысандарын бейнеба­қы­лаумен, «Балаларға арналған ақысыз ІТ сыныптар» жобасы аясында білім беру ұйымдарын STEM-платформасы­мен қамта­ма­сыз етілмекші. 2019-2020 оқу жы­лында жаңартылған білім беру мазмұнына көшетін 4, 9, 10 сы­нып­­тардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін са­тып алу үшін аудандық бюд­жет­тен 177 млн 798 мың теңге бөлін­ген. Соны­­мен қатар 10 баспа­мен жа­сал­­ған келісімшартқа сәйкес, осы жылдың 15-25 тамыз аралы­ғында 100 753 дана оқулық жеткі­зі­лу жоспарлануда.

 

ӨМІРДІҢ СӘНІ – БАЛАЛАР 

Бұл мәселе Қызылорда облы­сы Арал ауданында жыл сайын педагог қызметкерлердің тамыз Кеңесінде және аудан әкімінің жиында жан-жақты қарастырыл­ды. Соның арқасында бүгінде әр­­түрлі деңгейдегі әкімдіктермен бір­лесе отырып, білім беру меке­ме­лерінде жаңа оқу жылының басталуына жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілді. Мәселен, Арал ауданы бойынша 50 мектеп бар. Соған биылғы жылы 17 257 оқу­шы барады деп күтілуде. Оның ішінде, 1-сыныпқа 2 250 оқу­шы қамтылмақшы. Бүгінгі күні элек­трон­ды жүйеде 1 687-і тіркелген.

Ал Арал аудандық білім бөлі­мі­нің жанындағы қорған­шылық және қамқоршылық функция­ла­рын атқарушы органының есе­бін­де жетім немесе ата-анасының қам­қорлығынсыз қалған 63 бала есеп­те тұр. Соның 11-інде ата-ана­сы­нан қалған үлестік үй бар. Ал тоғыз бала ата-анасының келі­сі­­мімен туыстарына уақытша қам­қор­лыққа берілген. Келісім бол­ған­нан кейін оларға жәрдема­қы төленбейді. 63 баланың 30-ы жетім бала болса, 33-і ата-анасы­ның қам­қор­лығынсыз қалған бала.  Оның 47-і мектепте оқыса, 8-і кол­леджде, біреуі жоғары оқу орнында білім алуда. Олардың бәрі де жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан оқу­лық­тармен, киім­мен және ыс­тық тамақпен қамтамасыз етіледі. 


ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

Педагогикалық медициналы-психологиялық кеңесінің шеші­мі­мен 500-ден аса бала мүм­кін­дігі шектеулі болып танылған. Оның ішінде 221-і ғана мектептен оқыса, 109-ы үйден оқытылады. Ал 100-ге жуық бала түзету каби­не­тінде ем қабылдап, оларға әдіс­те­мелік, психологиялық-педа­го­гикалық көмек көрсетіп қана қой­­майды. Сонымен қатар ма­ман­­дар денсаулығында ауытқуы бар балалардың ата-аналарына тәр­биелеу және оқыту мәселелері жа­йында арнайы әлеуметтік желілер арқылы кеңес те бере ала­ды.

Жазғы маусымда әкімдік оқушыларды тынығу лагерлері­мен қамтиды. Тіпті олардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін түрлі шаралар өткізіліп, жоспарлы түрде жүргізіледі. Мысалы, биыл «Қам­баш» тынығу және сауық­ты­ру орнында – 600 бала, 44 мектеп­те­гі күндізгі тынығу лагерінде – 2189, шатырлы және ауданнан тыс жерлердегі лагерлерде 900-ге жуық бала демалған. Сонымен бірге, түрлі үйірмелерге, көркей­ту-көгалдандыру жұмыстарына, саяхатқа, аулалық клубтарға 13 мыңнан аса бала жұмылдырылды. Осыған орай, кәмелетке толма­ған­­дар арасында құқықбұзушы­лық­­тың алдын алу үшін профи­лак­тикалық шаралар назардан тыс қалған жоқ. Әсіресе, орталық сая­бақта, түнгі уақытта көңіл кө­те­ретін орындарда, компью­тер­лік клубтарда, мейрам­ха­на­ларда рейдтік іс-шаралар жүргізі­ліп, келеңсіз жайттарға жол берілмеді.

 

Миуа БАЙНАЗАРОВА,
Қызылорда облысы