Кәсіпкерлердің құқы назарда тұр
Кәсіпкерлердің құқы назарда тұр
203
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департаментінің басшысы А.Жұмағали «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын­да инвесторлармен кездесті. Кездесуге «Оңтүстік» арнайы экономикалық айма­ғы­ның басшысы С.Абдуллаев, «Атамекен» Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасы­ның директоры Н.Қабыштаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев пен бірқатар бизнес өкілдері қатысты. Еркін форматта өткен іс-шарада аймақтағы бизнесті жүргізудің өзекті мәселелері талқыланды.

Асхат Жұмағали бизнес пен инвесторларды қорғау мекеменің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. «Біз «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына мақ­сат­­ты түрде бизнес қауымдас­тықтың өзекті мәселелерін тал­қы­лау үшін келіп отырмыз. Ин­вес­­торлармен тікелей қарым-қаты­нас осы ба­ғыт­­тағы өзекті мәселелерді анық­тауға мүмкіндік беретініне сенім­ді­міз. Лауазымды тұл­ғалар тара­пы­нан бизнес ісіне кез келген араласу кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға кедергі бо­лып қабыл­данатынын және заң бойынша қудаланатынын атап өткім келеді. Біз сіздерді бел­­­сенді қарым-қаты­нас пен ын­ты­­мақтастыққа шақы­ра­мыз», – деді ол жиынға қатыс­қан кәсіп­керлерге.

Айта кету керек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық де­­партаменті 49 млрд теңгеден астам 20-ға жуық жобаны сүйе­мел­деуді жүзеге асырып отыр. Соны­мен қатар 50-ге жуық кә­сіп­­­кердің құқығы қорғалған. Кез­десу соңында Асхат Жұмағали үй тоқы­масы, кілемдер және мақ­та-мата иірімдерін өндірумен айна­лы­са­тын «АГФ групп» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС және Azala Cotton ЖШС кәсіп­орын­дарының өн­дірістік алаңда­рын­да болып, за­уыттың тыныс-тірші­лі­гі­­мен та­ныс­ты.

 

Е.МҰРАТБЕК, 
Шымкент қаласы