Мақсатымыз – биік, жоспарымыз – айқын
Мақсатымыз – биік, жоспарымыз – айқын
415
оқылды

Төрт құбыламыз түгел­денді» деп айтуға әлі ертерек шығар. Дегенмен бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған ерікті еліміздің берік іргетасы қа­ланды. Саяси салмағы артып, экономикасы дамыған, жасам­паз халқы бар мемлекеттердің ортасында атымыз аталып жатады

Халқына – бегі, бегіне хал­қы сенген ел ұзақ жасайды

Күлтегін

 

Қоғамның дамуы шиеле­ніске толы, оны шешу жолдары табандылықты қажет ететін күрделі процесс. Ал қоғам мү­шелерінің сан салалы сұра­ныс­тарын қамтамасыз ету – да­мы­ған іргелі мемлекеттердің өзі­не де оңайға түспейтін мәселе.

Егемендік алғанына небәрі ширек ғасырдан жаңа ғана ас­қан, тәуелсіз, демократиялық да­му жолын таңдап алған Қа­зақстан Республикасы да әлем­дік кеңістіктегі өзінің тарихи орнын анықтап алу жолында сәтті қадамдар жасауда.

«Төрт құбыламыз түгел­денді» деп айтуға әлі ертерек шығар. Дегенмен бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған ерікті еліміздің берік іргетасы қа­ланды. Саяси салмағы артып, экономикасы дамыған, жасам­паз халқы бар мемлекеттердің ортасында атымыз аталып жатады.

«Көш жүре түзеледі» деген дана бабаларымыз.

Мақсатымыз биік, жоспа­рымыз айқын.

Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаевтың туған халқына арнаған ал­ғаш­қы Жолдауымен танысып, үлкен толқуды бастан кешір­генімізді жасыра алмаймыз.

Осы сәттен бастап мемлеке­тіміздің тарихи дамуының жа­ңа, жауапты кезеңінің жұл­дызы жанғандай.

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Назарбаевтың салып кеткен сара жолы – ұзақ жыл­дардағы ізденістер мен толға­ныстардың жемісі әрі жеңісі.

«Алдымен экономика, со­дан кейін саясат» деген бастама толағай табыстарға жетудің жолдарын ашты. Мемле­кеті­міздің іргетасы бекем, тұғыры тиянақты жағдайға жеттік.

Халықтар достығының бас­тауынан сусындаған жүздеген ұлттар мен ұлыстардың өкіл­дері бұл күндері қазақ жерін «Алтын бесігім» қазақ елін «туған Отаным» деп санайды.

Осы ұлы қозғалыстың ұйыт­қысы – мемлекетіміздің этни­калық негізін құрайтын жа­сампаз қазақ ұлты болғаны қан­дай мақтаныш.

Ұлы Абылай бабамыздың:

– Қазақтың қайран дала­сын,

Жағасы жайлау ел етсем.

Мерейін биік, бағын зор,

Ырысын шалқар көл етсем, – деген асыл арманының орын­далған шағы осы болар.

Елімізде өркениетті қоғам орнады.

Мемлекет, қоғам мен аза­мат­тардың арасындағы қа­рым-қатынастар бірінші ке­зек­те олардың Ата заңымызбен, басқа да заңнамалармен қор­ға­латын құқықтары мен бостан­дықтарын шынайы түрде қам­тамасыз ету жолымен қалып­тасты.

Отанымыздың басты бай­лығы – Қазақстан халқы өзде­рінің мүдделерін қорғайтын, сындарлы кезеңдерде сая бола алатын мемлекеттік биліктің бар екенін сезінеді және оған арқа сүйейді.

Мемлекетіміздің қоғамдық, саяси, әлеуметтік өмірі халықа­ралық талаптарға жауап бе­ретін жолдармен дамып келеді. Азаматтық қоғам белсенділері мемлекеттік маңызы бар мә­се­лелерді шешу шараларына ат салысуда.

Елімізде қоғамдық келісімді қалыптастыру және нығайту жолында қолайлы жағдайлар жасалып жатыр.

Жолдауды қазақ тілін ұлта­ралық қатынас тіліне айнал­дыру кезеңінің келгені атап өтілді.

Мемлекеттік биліктің дер­бес саласы – сот билігінің қо­ғам­дағы орны мен ролі ай­рық­ша екені көпшілікке мәлім.

Қоғамдық тепе-теңдікті сақ­тау, заң үстем­дігін қам­тамасыз ету жолында орын алған дауларды заңна­мада айқындалған жолдармен әділетті түрде шешу, сот тө­ре­лігінің тиімділігін арттыру – сот жүйесі мамандарының абыройлы да жауапты міндеті.

Қабылданған сот актілері­нің сапалы болуы бірінші ке­зекте судьялардың кәсіби ше­берлік­теріне, өмір тәжіри­бе­ле­ріне, өзі­нің таңдап алған ма­ман­ды­ғына деген адалдығына бай­ла­нысты. Сондықтан Жол­дауда аза­маттар мен мемле­кеттің мүд­делері тең дәрежеде қор­ға­луы тиіс деген мәселеге назар аударылуы бірінші ке­зекте сот билігіне деген халық сенімінің артуына жол ашатын болады.

Сот төрелігін жүзеге асыру барысында судья процессуал­дық белсенділік танытуға және заңнамаларға осы өкілет­тік­тер­ді айқындайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

Қоғамдағы саяси ахуалды және азаматтардың пікірлерін ескере отырып, ауыр және өте ауыр қылмыс жасаған адам­дарға қолданылатын жазалар­дың түрі мен мерзімін қайта қарастыру туралы мәселе де орынды көтеріліп отыр деп есептейміз.

Ел экономикасының қар­қындап дамуын қамтамасыз ету үшін инвестициялық, кор­поративтік, басқа да нарықтық қатынастардан туындайтын дауларды материалдық және процестік заңнамалар шеңбе­рінде шешу өмір талабы екенін естен шығармау қажет.

Еліміздің саяси, экономи­калық, әлеуметтік өмірінде бо­лып жатқан қоғамдық қаты­нас­тардың барлығына да сот би­лігінің қатынасы бар.

 

Болашақ – жастардың еншісінде

Еліміздің көк байрағын а­спан төрінде желбірете кө­те­ріп жүру, салтымыз бен даң­қымызға нұқсан келтірмеу – келешек ұрпаққа ұсынар ама­натымыз.

Ұлттық құндылықтары­мыз – үлкенге құрмет, кішіге ізет, тіліміз бен дінімізге ай­рық­ша көзқарас, отбасылық қатынастар, бала тәрбиесі – біздің басты байлығымыз.

Білімді ұрпақ – еліміздің даңқын халықаралық сахнаға шығаратын, Отанын ата-ана­сындай қастерлей білетін, пат­риотизм рухында тәрбие­лен­ген ұлы қозғаушы күш.


Еліміздің кіндігі – ауыл

Асқаралы тауларымыз, жа­зи­ралы жайлауымыз, дархан да­ламыз, жарқыраған өзен-көл­деріміз, көз сүйсіндіретін ор­мандарымыз – данышпан балаларымыздан қалған асыл мұралар.

Апайтөс, алып мемлекет­тер­дің қатарынан көрінудің кілті – өз қолымызда.

Береке мен бірлік, достық пен татулық, бізді ұлы жеңіс­терге бастайды.

Мемлекет басшысы жария­ла­ған Жолдаудың бүкіл мә­ті­нінен жарқын болашақтың, жасампаздықтың жаңғырығы естіліп тұрғандай.

Айтылған сөз айқын істер­мен, шуақты шаралармен көм­керілуі қажет.

«Малым – жанымның сада­ғасы, жаным – арымның сада­ғасы» деген қайсар, рухы небір қатерлі сындарда сыр бермеген халықтың ұрпағымыз.

Алтайдан Атырауға дейін созылған қасиетті жеріміз – біздің алтын бесігіміз.

Осы жер бесікте талай ұр­пақ өсіп жетілді, жерінің қор­ғаушысы, елінің қамқоры бола білді.

Біз пейілі кең, арманы ас­қақ, жүрегі таза халықтың ұр­пағымыз. Сондықтан да бейбіт күн нұрына шомылып, бақыт­ты өмір сүруге лайықпыз!

 

Бағлан МАҚҰЛБЕКОВ,
Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы