Қайрат Мәмидің төрағалығымен Еуразиялық қауымдастықтың отырысы өтті
Қайрат Мәмидің төрағалығымен Еуразиялық қауымдастықтың отырысы өтті
263
оқылды
Оған Армения, Беларусь, Әзірбайжан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан конституциялық әділет органдарының өкілдері қатысты. Қонақ ретінде Конституциялық Сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференцияның Бас хатшысы Шнутс Дюрр мырза қатысты. Іс-шараны аша отырып, Еуразиялық қауымдастық төрағасы Қ. Мәми осы отырыс алғаш рет онлайн режимде өтіп отырғанын атап өтті. Оған әлі де халықаралық сипаттағы үлкен қауіп төндіріп отырған COVID-19 коронавирустық пандемиясы себеп болып отыр. Қауымдастық шеңберінде біздің конституциялық-құқықтық саясаттың өзекті мәселелері, соның ішінде қазіргі жаһандық сын-қатерге байланысты мәселелер бойынша тәжірибе және тәсілдер алмасуға мүмкіндігіміз бар. Бұл әсіресе 30 тамызда атап өтілетін Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейтойы жылында аса маңызды, деді спикер.    width= Ұйым мүшелері құқықтық саладағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, жарғылық құжаттарды одан әрі жетілдіру мәселелерін, сондай-ақ Қауымдастықтың Конституциялық Сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференцияның алдағы 5-конгресіне қатысу мәселелерін талқылады. Тараптар Дүниежүзілік конгресс аясында Қауымдастық отырысын өткізу туралы шешім қабылдады. Азиялық Конституциялық соттар мен баламалы институттар қауымдастығы және басқа да қауымдастықтармен ынтымақтастық мәселелері әңгімеге түйткіл болды. Өзара іс-қимылды күшейту үшін Азиялық қауымдастықпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою ұсынылды.   Сонымен қатар, делегация басшылары бір-бірін өз елдерінде болып жатқан іс-шаралар мен одан әрі ынтымақтастық жоспарлары туралы хабардар етті. Қ. Мәми отырысқа қатысушыларға белсенді ұстанымы, ортақ міндеттерді шешуге дайындығы үшін алғысын білдіріп, 27 тамызға белгіленген Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған халықаралық бейне конференцияға (конгреске) шақырды.