Ауғанстанда су тасқынынан 160 адам опат болды
Ауғанстанда су тасқынынан 160 адам опат болды
фото: ашық дереккөз
128
оқылды
TOLOnews телеарнасы Ауғанстандағы су тасқыны салдарынан 160 адам қаза тауып, кем дегенде 250 адам зардап шеккен. Апат, әсіресе Парван провинциясына ауыр тиді. Мұнда 116 адам опат болып, 130- зардап шекті. Сондай-ақ, су тасқыны Вардак, Газни, Каписа, Кабул, Лагман, Логар, Нангархар, Нуристан, Пактика, Пактия, Панджшер и Хост провинцияларында да тіркелген. Еске салайық, су тасқыны осы аптадағы толассыз жауған нөсер жаңбыр салдарынан орын алған. Елдің табиғи апатты жою жөніндегі министрлігі зардап шеккендерге көмектесу жұмыстарын жалғастырып жатыр.