Қазақстан қай елдерге күріш жібереді?
Қазақстан қай елдерге күріш жібереді?
237
оқылды

2019 жылдың қаңтар-шілде аралығында Қазақстан 49,9 мың тонна күріш экспорттады,– деп хабарлайды LS.

Аталған азық түрін тасымалдаудан түскен түсім 14.3 млн доллар болған.

Дақылдың көп бөлігі Өзбекстан (21,3 мың тонна) мен Тәжікстанға (16,9 мың тонна) жөнелтіліпті.

Ресей 1,5 млн долларға 6,4 мың тонна қазақстандық күрішті сатып алса, Украина – 2,7 мың тонна (680,8 мың $), Түрікменстан – 1,4 мың тонна (941,1 мың $) экспорттаған.

Сондай-ақ, 680 тонна күріш (163,4 мың $) Қырғызстанға, 272 тонна (76,8 мың $) Ауғанстанға жөнелтіліпті. Моңғолия 81,6 мың долларға 143,1 тонна, Әзербайжан – 26,8 мың долларға 67 тонна дақыл сатып алған.