«Ақылды» технологияға қажеттілік артады
«Ақылды» технологияға қажеттілік артады
5,383
оқылды

Соңғы жылдары Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде «ақылды» технологияларға деген қажеттілік арта түсті. Соның ішінде өндірістік сектордағы жұмысшылардың сұранысы ұлғайып отыр.

Қазіргі таңда заманға сай өңдеу құны жоғарылаған, сондықтан компаниялардың басым бөлігі техникалық құралдарды толықтай жаңарта алар емес. Дегенмен цифрлы жүйенің жеке элементтері пайдалы әрі тиімді факт.

Жаңа бағдарламалар мен жоба­ларды енгізу қымбатқа түссе де, өз тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Өйт­кені бірден жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Еңбекті ұйымдастыру сала­сындағы цифрлы технологиялар бірнеше бағытты қамтиды. Соның ішінде құжаттарды рәсімдеу, әртүрлі операцияларды кешенді үйлестіру, басқару процестерін автоматтандыруды атап өтсек болады.

Сонымен қатар бүгінде теле­метриялық модулі бар «ақылды каска» әзірленді. Ол жұмыс айма­ғындағы қызметкердің денсаулық жағдайын, ауадағы зиянды қос­палардың немесе жарылғыш газ­дың шоғырлануын бақылауға мүм­кіндік береді. Яғни, жұмыс­шының денсаулығына және жұмыс орнының қауіпсіздігіне алаңда­мауға жағдай жасайды.

Егер кәсіпорын қауіптің жоға­ры деңгейін, қандайда бір нор­мадан ауытқуын анықтаса, онда модуль бірден бұлт платфор­ма­сымен байланыс орнатып, бас­шылыққа ақпарат береді.

Өнеркәсіптік инновация­лар­дың тиімді мысалдарының бірі – сигналдық құрылғылар түріндегі жаңа еңбек қауіпсіздігі жүйесі. Бұған байланысты әртүрлі бағ­дарламалар қызмет етеді. Мәселен, олардың кейбіреуі жұмыс айма­ғында шығарылған жабдықтар туралы сигналды жіберуге мүм­кіндік берсе, ал басқалары теле­метриялық бақылау жүйесін жүзеге асырады. Олар төтенше жағ­дай­лардың алдын алуға және бақы­ланатын параметрлерді жинау процесін автоматтандыру бойын­ша жұмыс істейді. Мұндай бақылау рұқсат етілмеген аймақта сигналға қол жеткізу арқылы объектілердегі оқыс оқиғаларды болдырмауға көмектеседі.

Заманауи технологиялар тек еңбекті қорғау үшін ғана қолда­нылмайды. Сонымен қатар қыз­меткерлерді әртүрлі қауіпсіздік техникасын білуге, үйретуге мүмкіндік береді.

Осылайша, жеке кәсіпорын­дарда виртуалды шындықты тес­тілеу алаңы ретінде қолданатын арнайы бағдарламалар іске асқан. Төтенше жағдайлардағы әрекет пен қауіпсіздік техникасы дағды­ларын игеруге бағытталған мұндай құрыл­ғылар арзан емес. Бірақ олар­дың тиімділігі іс жүзінде дә­лелденген. Сарапшылардың айтуы бойынша, инновациялық әдістер арқылы ақпаратты игеру 80%-ды құраған.

Әлемдік тәжірибеде кадрларға қолжетімді тәсілдің бірі – мобильді қосымшалар арқылы оқыту. Бағ­дарлама қызметкердің қай жерде екеніне қарамастан, оны қауіпсіз­д­ік емтиханына дайындауға көмек­теседі. Соның арқасында пайда­ланушылар интернет желісіне қосылмай-ақ қажетті нұсқаулар мен ережелерді көріп, оқи алады.

Елімізде Ақмола облысындағы қазандықтардың бірінде цифрлы жабдықтар қолданылады: арнайы датчиктер, бейнебақылау камера­лары және мобильді қосымша. Smart Heаting технологиясы жаб­дықтың жай-күйін бақылауға мүм­кіндік береді. Ал қалыпты жағ­дайдан ауытқығанда, яғни қысым жоғарылап, электр қуатын тұты­нуда мәселе туындаған кезде қыз­меткерлерге жылдам хабар жет­кізеді. Аталған қосымша қазан­дықта туындайтын қателіктердің алдын алуға және оларды уақы­тылы жоюға мүмкіндік береді.

Шетелдік сарапшылардың ай­туынша, елімізде жаңа техно­ло­гия­ларды қолдану, игеру түрлі тәуекелдерге барып жұмыс істеу шетелдік тәжірибе кезінде тиім­ділігін дәлелдеді.

Қазақстанда қазірдің өзінде өндірістік кәсіпорындарда цифрлы өзгерістер байқалады. Өзгеріс тау-кен өндірісі, мұнай өңдеу, машина жасау сынды басқа да салаларға енеді.


Айбике ЖАНАСЫЛ