Шымкентте кәсіпкер тойханасын мектепке айналдырды
Шымкентте кәсіпкер тойханасын мектепке айналдырды
©Сурет интернеттен алынды
279
оқылды
Бұрын той-думанға толы мейрамхана, қазір мектепке айналды. Кәсіпкер 300 млн теңге құйып, ішін мектепке қажет тақта, компьютер, партаға  толтырып салды.
Директордың айтуынша, жаңа мектеп 2400 оқушыға арналған. Оған қоса, білім ордасы цифрлық инженерияға бағытталған білім ордасы болады. Сол үшін де оқушылар робототехника мен ІТ-технологиялардың негізгі пәндерімен оқытылады.
Мектеп мемлекеттік және жекеменшік серіктестік жобасы бойынша ашылғандықтан арасында ақылы да оқылым болады. Ата-анаға олардың бір жылдық оқы ақысы 120 мың теңгеге шығады. Алайда ондай білім алуға тек үш өтініш берілген. Қалғаны бюджет есебінен білім алмақшы.