Әншілер әнді фонограммамен айтатынын хабарлауға міндеттеледі – жаңа заң
Әншілер әнді фонограммамен айтатынын хабарлауға міндеттеледі – жаңа заң
©А.Ахметқазы
280
оқылды
Мәжілістің жалпы отырысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова музыкалық шығармаларды орындаушылар фонограмма қолданатынын көрерменге ескертуі тиіс екенін айтты. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының мақсаты – қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, мәдениет саласын дамытуға жағдай жасау. Соның ішінде жаңа заң бойынша кітапхана, баспа ісі, мәдени-көпшілік іс-шараларды реттелетін болды.

«Жоба «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «Мәдениет туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына түзетулер енгізуді көздейді және түзетулердің негізгі блогы мәдениет саласына қатысты», – деді министр.

Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова концерт, ойын-сауық іс-шараларын өткізгенде проблемалар жиі кездесетінін де айтты. Концерттерден түсетін қаржы, фонограмманы пайдалануға қатысты дау-дамай жиі болатынына да тоқталды. [caption id="attachment_72783" align="alignnone" width="1200"]фонограмма Фото: Интернеттен алынды[/caption]

«Сондықтан заң жобасы аясында орындаушылардың осындай мінез-құлық көрсетуіне жол бермеу үшін бірқатар міндеттемелерді енгізу арқылы осы мәселелерді реттеуге тырыстық. Олардың ішінде маңызды нормалардың бірі – музыкалық шығармаларды орындаушылардың фонограммаларды қолдануы туралы көрерменге хабарлау. Фонограммаларды пайдалану тәртібін заңға тәуелді актіде айқындалады. Барлық жарнамалық өнімдерде және кассалар жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарлама беріледі. Бұл көрерменге фонограммен өтетін концертке билет сатып алу немесе одан бас тарту таңдауына мүмкіндік береді және билеттің құнына да әсер етеді», – деді Ақтоты Райымқұлова.

  https://www.youtube.com/watch?v=UGRMBKZRFok&ab_channel=BEKATUBE