Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әнді жанды дауыста айту мәселесіне қатысты пікір білдірді.
«Меніңше, нағыз өнер ол – айтыс. Айтысқа фонограммамен шығып көріңізші. Онда ешқашан, ешқандай фонограмма болмайды. Сол үшін шығар, халқымыз осы айтысты жақсы көреді. Өнер әрқашан да таза болуы тиіс. Әнді жанды дауыста айтқан дұрыс. Ал фонограмма болса, онда оны алдын ала ескерту қажет және билеттің бағасы да соған сәйкес болуы қажет. Сол кезде халық ол концертке баратынын не бармайтынын өзі шешеді. Әрине, концерт жанды дауыста болса әншіге халықтың бағасы да құрметі де жоғары болады», – деді Нұрлан Нығматулин.