Қарағанды облысында дәрілердің тұрақтандыру қоры құрылып, жаңа инфекциялық госпиталь салынып, ӨЖЖ аппараттары сатып алынуда. Осылайша аймақта коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындық жүріп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гамаль Тоқсамбаев мәлімдеді.
Қарағанды облысында COVID-19 екінші толқынына дайындық жоспары осы жылдың шілде айында бекітілді. Ол бес бағытты қамтиды. Олардың бірі - медициналық инфрақұрылымды дамыту.
- Облыста 44 инфекциялық госпиталь бар. Оның 36-сы қазір консервацияланған және күту режимінде. Олар науқастарды қажет болған кезде бірден қабылдауға дайын болады. Сондай-ақ, біз госпиталь ретінде жұмыс қызмет ете алатын бес медициналық ұйымда жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Қазір Жезқазғанда модульді госпиталь салынуда. Оны 21 қазанға дейін ашу жоспарлануда, - дейді Гамаль Тоқсамбаев.
Жоспардың екінші бағыты – кадрлық қамтамасыз ету. Өңірде аурудың қайта өршуі жағдайында 5 217 инфекциялық төсек жабдықтау жоспарлануда. Барлық науқастарға көңіл бөлу үшін көптеген дәрігерлер мен медбикелер қажет болады. Оларды медициналық оқу ордасында резидентураның екінші және үшінші курсында білім алып жатқандар қатарынан жұмылдыру көзделуде. Олардың барлығының дипломдары бар, қазір олар реаниматолог, пульмонолог және басқа да салалы мамандықтарды меңгеруде. Сондай-ақ, облыс орталығының мамандары облыстың шалғай аудандарына вахта бойынша жіберілетін болады. Жергілікті жерлерде барлығына уақытша баспана беріледі.
Қазір дәрігерлер мен медбикелер коронавирустық инфекцияны емдеуге тап болған әріптестерінің тәжірибесіне сүйене отырып, қарқынды оқытудан өтуде.
- Дайындықтың жеке бағыты – біздің медициналық мекемелерді материалдық-техникалық жабдықтау. Республикалық бюджет есебінен біз қазргі бар 192 ӨЖЖ аппаратқа соымша тағы 151-ін сатып алдық. Сонымен қатар, ауруханаларды импульстік оксиметрлермен, оттегі концентраторларымен, сандық рентген аппараттарымен жабдықтаймыз. Сондай-ақ, автобус негізілде жасалған 60 реанимобиль мен үш жылжымалы медициналық кешен жеткізіледі деп күтілуде. Олар рентген аппаратымен, УДЗ және басқа да жабдықтармен жабдықталған. Мұндай кешендер шалғай аудандарға барып, онда консультативтік көмек көрсету үшін қажет, - дейді басқарма басшысының орынбасары.
Дәріханалар мен стационарларда дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау үшін қазір өңірде тұрақтандыру қоры қалыптастырылуда. Бүгінгі таңда онда алдағы бір жарым айға жетерлік дәрі-дәрмек қоры бар. «Фармация» СК-мен дәрі-дәрмектерді қосымша жеткізуге шарттар жасалды. Гамаль Тоқсамбаевтың айтуынша, 2021 жылдың наурызына дейін жететін дәрі-дәрмек қорын қалыптастыру жоспарланып отыр.
Облыстың ауруханалары мен қоймаларына жеке қорғаныс құралдары үздіксіз келіп түседі: медициналық маскалар, респираторлар, қолғаптар және ПЧК костюмдері.
Қазір өңірде күн сайын ең көп дегенде 10 КВИ-мен ауыратын науқас анықталуда. Олардың барлығы вирустың асимптоматикалық тасымалдаушылары.