Вloomberg-тің жазуынша, Сан-Франциско федералды соты Facebook-тің Instagram қолданушыларына тыңшылық жасағаны туралы ісін қарады.
Дереккөздің жазуынша, иесі гаджетті пайдаланбаған кезде iPhone-ның алдыңғы камерасын ақпарат алу үшін қолданғаны анықталған, – деп жазады 24.kz.
Сондай-ақ, бұл қосымша нарықты зерттеу үшін пайдаланушылардың жеке деректерін мақсатты түрде жинайтын көрінеді.
Ал компания өкілдері камералардың бұлай жұмыс істеуін қосымшаның жүйесіндегі қателікпен байланыстырады.
Осы тексерістен соң бұл қателік қазір жөнделген.