Биыл да шетелден жұмысшы алдырдық
Биыл да шетелден жұмысшы алдырдық
335
оқылды
 

Елімізге қанша адам келеді?

Биылдан бастап миграциялық заңнамаға енгізілген өзгеріске сәй­кес, визаны қажет етпейтін шет­елдіктер ел аумағында 30 күн­тізбелік күн ішінде қала алады. Кеден қыз­меткерлері тиісті тір­­кеу жұмысын атқарады. Ал миг­рациялық қызметтен өту мін­деттемесін қабылдаушы та­рапқа жүктеген. Бұл тек жұ­мыс берушілердің ғана емес, медициналық мекемелер, оқу орындары, демалыс орындары, хостел, қонақүй, жалдамалы пәтер иелерінің мойнына артылған жүк болып тұр. Бұл істі визалық-миг­рациялық портал арқылы тегін және жылдам тындыруға болады. Ал өз ке­зегінде бұл бастама ең ал­дымен көлеңкеде үйін жалға бе­рушілердің еңбек нарығында ашық жұмыс істеп, салық төлеуін қамтамасыз етуіне түрткі болмақ. Қазақстан Үкіметі ішкі еңбек нарығын қорғау үшін шетелдік мамандарға жылда квота бекітіп отырады. Биыл Үкімет 29 000 ад­амға квота бөлген. Өткен жылмен салыстырғанда, бұл 40 пайызға кем көрсеткіш. Себебі 2019 жылы 49 мың шетелдік маманға квота бөлінген еді. Шетелдіктердің басым бөлігі – құрылыс саласында, одан кейін тау-кен орындары мен ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығында жұмыс істесе, біраз бөлігі кәсіби, ғылыми, техникалық салаларда еңбек етеді. Еңбек мигранттарына сұраныс Алматы, Маңғыстау және Атырау облыстарында, Алматы қаласында жоғары. Әрине, астанада да ше­телдіктерге квота бекітілген. Ал шетелдік еңбек күшіне Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарында сұраныс аз. Елім­ізге экспаттар дәстүрлі түрде Өз­бек­стан, Қытай, Үндістан, Түркия сияқты елдерден келеді. shet el jymicshilari 2019 жылы отандық бизнесмен­дерге 386,4 мың еңбек мигрантын жұмысқа қабылдауға рұқсат берілсе, биыл бұл сан 360 мыңға дейін кеміген. БҰҰ мәліметіне сенсек, елімізге сырттан келетін жұмыс күші 3 млн адамнан асады. Бірақ бұл халықаралық ұйым тиісті статистикаға атажұртқа ор­а­лып жатқан ре­патрианттар, яғни қандастарымызды да қоса­ды. Оның үстіне, Қазақстан ау­мағынан өтетін жұмыс күшін де ескерусіз қалдыруға болмас.  

Өзімізге жұмыс жетпей жатыр...

Саясаттанушы, демограф Әзім­бай Ғали еліміз нарықтық эко­номикаға көшкелі бері жедел дами бастағанын, соған байланысты 2000 жылдардан бастап жұмыс қо­лының же­тіспеушілігі сезілгенін айтады. Ал әлемдік пан­демияға байланысты жағдай күрт өзгерген. Әзімбай Ғали еңбек нарығындағы жағдайды былай сараптайды: – Қазақстанда еңбек қолының сәл ар­тықшылығы бар. Оның мөл­шері – 4-5 процент. Яғни, бұл – жұмыссыздық деңгейі. Бұл сон­шалықты үлкен көрсеткіш деп есептелмейді. Оның үстіне, өлкелік ерекшеліктер бар. Бұл – бір. Екіншіден, COVID-19 індеті­нің жайылуына байланысты жаңа проблемалар пайда бол­ды. Ең алдымен көптеген кә­сіпорындар жабылды. Жақын арада оларды қайта ашу ойда жоқ.    Өйткені пандемияның  ек­ін­­ші, үшінші толқынын күтіп отыр. Сондықтан уақытша ЖІӨ көлемі 7-8 процентке қысқа­рып отыр. Жалпы, елімізде үл­кен жұмыссыздық жоқ еді. Биыл жұмыссыздық өскен. Қазақ­станға еңбек күші негізінен Өз­бек­станнан келеді. Одан кейін Қы­тайдан, шамамен 2 000-3 000 адам,  Ресейден көп болса 1 000-2 000 адам жұмыс істеуге келеді. Өзбекстаннан қарақалпақтар мен өзбектер келіп жұмыс іс­тейді. Оның үстіне, Қазақстан аумағынан 3,5 миллиондай өзбек-қарақалпақ эмигранттары өтеді. Биыл коронавирусқа байланысты ер­екше жағдай болып тұр. Жұмыс бола ма, бол­май ма, ол жағы бел­гісіз.  

2019 жылы отандық бизнесмен­дерге 386,4 мың еңбек мигрантын жұмысқа қабылдауға рұқсат берілсе, биыл бұл сан 360 мыңға дейін кеміген. БҰҰ мәліметіне сенсек, елімізге сырттан келетін жұмыс күші 3 млн адамнан асады. Бірақ бұл халықаралық ұйым тиісті статистикаға атажұртқа ор­а­лып жатқан репатрианттар, яғни қандастарымызды да қоса­ды. Оның үстіне, Қазақстан ау­мағынан өтетін жұмыс күшін де ескерусіз қалдыруға болмас.

  Саясаттанушының айтуынша, осыдан біраз жыл бұрын Қа­зақ­станға Тәжікстан мен Түрік­менстаннан әжептеуір еңбек күші келетін, оның өзі негізінен ата­жұртқа оралған этникалық қазақтар болатын. Қазір ондағы қазақтың басым бөлігі елге орал­ған. Сондықтан негізгі жұмыс күші Өзбекстаннан келіп жатыр.        

Шетелде жұмыс күшіне сұранысты қалай анықтайды?

Шет мемлекеттерінде жұмыс күшінің заң­сыз импортымен айналысатындарға ти­істі санкция қолданылады. Мәселен, АҚШ-та иммиграция қызметінің құзыреті ар­тып, сырттан заңсыз еңбек күшін тартқан кә­сіпкерлерге қар­сы санкция қолданылады. Қо­мақты айыппұл салынады. Ал ел ішінде сырттағы жұмыс күшіне сұ­­раныс қандай? Мұны анықтаудың түрлі тә­сілдері бар. Мәселен, Америка мен Ита­лияда арнайы ақпараттық порталдар арқылы сауалнама жүргізіліп, еңбек нарығында қан­дай ресурс­тарға сұраныстың жоғары екені анықталады. Испанияда дефицит ма­мандықтардың арнайы каталогі бар. Бұл құжат еңбек нарығындағы сұраныстар мен ұсыныстардың балансын байқап, азаматтардың қаншалықты жұмысқа тартылып отырғанын көрсетеді. Бұған ұқ­сас тізім Жаңа Зеландияда бар. Иммиграция министрлігі «Нақты маман­дықтар тізімін» бекітіп, оған енбеген қызмет түр­леріне тыйым салады. shet el jymicshilari1 Кейбір дамыған еуропалық елдер ше­телдік жұмыс күшінің өз еліне қайтуын да материалдық тұрғыдан демеп отырады. Мәсе­лен, Германия үшін түріктер мен гректердің көші – үлкен мә­селе. Бір жағынан Германия Еу­ропадағы мұсылмандары көп ел­дердің біріне айналып отырса, екін­ші жағынан ішкі еңбек нары­ғын да қорғауы тиіс. 82 млн халқы бар Германия Еуропадағы ең халқы көп мемлекет. Еуроодаққа қабыл­данбай келе жатқан Түркияның халық санымен пара-пар. Бұл тұр­ғыдан Германия жұмыстан кеткен им­мигранттар үшін материалдық өтемақы бе­реді. Тіпті, шетелдік жұ­мысшының елден ке­туіне бай­ланысты материалдық шығын­дары ес­ептеліп, жолпұлы беріледі. Сондай-ақ өз елінде пайдалы болу үшін белгілі бір кәсіпке қысқа мерзімде үйрету бағдарламасы бар. Әрине, қай ел болмасын сырт­тан сапалы мамандарды алуға ты­рысады. Әлемдік пан­демияға байланысты дүниежүзі елдерінде ин­фекционист дәрігерлерден бастап қатардағы медбикелерге дейін сұраныс күрт артып кет­­­кен. Пандемия Қазақстанның өзінде 800-ге тарта эпидемиологтің, 4 000-ға тар­та дә­рігердің жетіс­пеу­шілігі барын аңғартқан. Сон­дықтан Денсаулық сақтау министрлігі қысқа мерзімде 300 ма­манды қайта дайындап, 9 000 ме­дицина қызметкерінің кә­сі­би біліктілігін арттыруды жолға қойған еді. Әрине, мұндай мәселелердің ішкі ресурстармен шешілгені дұрыс. Бірақ шетелде дәрігерлерге жасалатын жағдай мен ұсыныстар отандық медицина қыз­меткерлеріне қалай әсер етпек? Бұл  – бөлек зерттеуді талап ететін мәселе.  

KamshatКәмшат ТАСБОЛАТ