IQ деңгей: адамға ақыл туа біте ме, жүре қалыптаса ма?
IQ деңгей:  адамға ақыл туа біте ме,  жүре қалыптаса ма?
359
оқылды

Әдетте адам интел­лек­ті­сі­нің деңгейі оның шыққан тегі мен біліміне байланысты деп жатамыз. Бірақ әлем­ге танымал психолог Джеймс Флинн BBC Future тіл­ші­сі­не берген сұхбатында адам­­ның интеллектуалды мүм­кіндігіне көптеген фак­тор, тіпті өмірлік серігің­ді таң­да­ғаныңа дейінгі жағдай да әсер етеді деп жауап беріпті.

Джеймс Флинн әлем жақында V ұрпақтың (1980 жылдардан кейін туғандар, олардың өсіп, жетілуі цифрлы технологияның қарқынды дамуымен қабаттаса өрбіді деп саналады) қолына тапсырылатынына алаңдайты­нын айтқан. Жаңа Зеландияның Отаго университетінде дәріс оқи­тын профессордың алдына зият­кер­лік біліммен қаруланған сту­дент­тер жиі келеді, алайда олар іс жүзінде әлемнің күрделі тари­хы­на мүлдем қызығушылық таныт­­­пайды.

«Бүгінгі жастар жаңа техно­ло­гия­ларды қалай басқарудың бар­лы­ғын біледі, бірақ сонысына қа­ра­мастан, университет қабыр­ға­сы­нан шыққаннан кейін олар кезіндегі өздерінің тар әлемімен шектелген ортағасырлық шаруа­лар­дан еш айырмашылығы бол­май қалады»,–дейді Джеймс Флинн. Оның айтуынша, тарихи өл­шемдерден хабары жоқ жас ма­ман жаңа технология зама­нын­да да өз потенциалын көрсете алмайды.


Адамның IQ деңгейін зерт­те­ген ғалымдар және бір ғылыми тұжырымға келіп отыр. Яғни, нәрестенің тез ойлау қабілеті, ең алдымен, анасының құрсағында жатып қоректенген тамағына байланысты. Егер анасы жүкті кезінде темекі тартатын болса, баласы да өсе келе шылымнан бас тарта алмайды дейді ғалым­дар.


Жақында Флиннің «Әулеті­ңіз­дің абыройы арқылы бақытты бола аласыз ба?» атты кітабы жа­­рық көрді. Профессор бұл ең­бе­гінде адамның ойлау қабілеті уақыттың тезіне орай қалай өзге­ріп жатқанын баяндайды. Соны­мен қатар ғаламшардағы IQ дең­гейінің біртіндеп жоғары­лауы­ның жұмбақ құбылысы жайлы сөз қозғайды. Флинн ескерт­кендей, IQ туралы айт­қанда, бір халықтан екінші ха­лық­тың интеллектуалды артық­шы­лығын да ескерген жөн. Мәселен, голландиялықтардың IQ деңгейі (ақыл-ой қабілеті, коэффициенті) отыз жыл ішінде (1934-1964) 20 балға көбейген. Десе де, психологтар адамның шыққан тегі оның ақыл-ойына өсе келе әсер ететінін жоққа шы­ғар­майды. Мәселен, балабақ­ша­дағы сәбиге берілген генетикалық си­пат­­тамалар аса маңызды емес. Осы жаста сәбидің қалыптасуы үшін ата-анасымен сөйлесіп, оның бойында түрлі дағдыны қалыптастыру маңызды. Бұл тұрғы­да АҚШ ғалымдары әлеу­меттанудың ықтималдық теория­сы бойынша баланың болашақ табысты болуын нәресте кезінен болжауға болатынын анықтады. Белгілі болғандай, IQ немесе дәлірек айтқанда, тез ойлау – бұл туа бітті қасиет. Сарапшылардың пікірінше, болашақ табысыңыз дәл осы ақыл-ой қабілеті коэф­фи­циентіне тәуелді. IQ деңгейіңіз жоғары болса, жалақыңыз да жоғары. Өйткені ақылды адам көп ақша табуды біледі деп тұжы­рым жасайды америкалық ға­лымдар. Әрине, ақылды адам­ның барлығы бірдей дәулетті яки жа­лақысы жоғарылардың бар­лығы ақылды болады дегенге келісу де қиын. Оған мысалды алыстан емес, айналаңыздан-ақ тауып келтіруге болады. Деген­мен қазақтың «бермесе де – бай жақсы, жемесе де – май жақсы» немесе халық ертегілерінің «бай болып, барша мұратына жетіпті» деп аяқталатынын ескерсек, біздің ұлттың ұғымында да бай­лық – мұратқа жеткізер жол. Ал сіз­дің қалай байығаныңыз, қан­дай жолмен табыс тапқаны­ңыз туралы әңгіменің жөні бөлек.Алайда бір шындық бар – дамы­ған интеллект сіздің күрделі жағ­дай­да шешімді ақылмен қабыл­да­уы­ңызға кепілдік бер­мейді. Торонто универ­си­те­тін­ің маманы Кит Станович соңғы он жыл ішін­де рационалды тест дайын­дау­ға қатысып, нәтижесінде, әділ, объективті емес шешім қабыл­дау көп жағдайда IQ дең­ге­йіне ешқандай қатысы жоқ деген қорытындыға келген.

Адамның IQ деңгейін зерт­те­ген ғалымдар және бір ғылыми тұжырымға келіп отыр. Яғни, нәрестенің тез ойлау қабілеті, ең алдымен, анасының құрсағында жатып қоректенген тамағына байланысты. Егер анасы жүкті кезінде темекі тартатын болса, баласы да өсе келе шылымнан бас тарта алмайды дейді ғалым­дар. Сондай-ақ үйіңіз алып мега­по­листің автокөліктер көп өтетін кө­шесіне жақын орналасқан бол­са да іштегі нәрестеңіздің ойлау қабілетіне қауіпті, себебі автокөліктен таралған қорғасын мен сынап сәбидің IQ деңгейін аз дегенде 24 ұпайға төмендетеді. Бұл да адам интеллектісінің дамуын зерттеген ғылыми жұ­мыс­та анықталған. Де­ген­­мен психолог Джеймс Флинн адам­ның IQ деңгейінің көтерілуі немесе түсіп кетуі сол адамның өз-өзіне қойған талаптарына бай­ланысты өзгереді деп бол­жайды. Профессор мысал ретінде бастауыш мектепте оқушыны өмірге табиғат құбылыстары мен физикалық заңдылықтар арқылы қарауға үйрететінін, осының негізінде адам біртіндеп заттар мен құбылыстарды жіктеп, логи­ка ережелерін қолдана бас­тайтынын көрсеткен. «Яғни, біз балаларды әлемге «ғылыми көзіл­­­дірік» арқылы қарауға үйре­теміз. Біздің білім беру жүйесі негізінен академиялық зияткер­лікті жетілдіруге бағытталған. Оның кемшіліктері белгілі бол­ға­нымен, IQ немесе IQ адам­ның танымдық қабілеттерін өлшеу үшін негізгі құрал болып табы­ла­ды. Біз өз миымызды жаттық­ты­ру­ға және есімімізді нығайтуға көп күш жұмсаймыз, IQ жоғары­ла­туға тырысамыз. Алайда қо­ғам­ның даму тенденциясы өз­герген сайын біз соған бейім­делуге мәжбүрміз», – дейді ға­лым. Жалпы, Флинн тұжыры­мында, IQ-дің өсу қарқыны он жылда шамамен 11 балды құрайды. Айта кету керек, қазіргі күні 82 жасқа келсе де салауатты өмірден қол үзбеген ғалымның өзі бұл тұрғыда жақсы үлгі көр­се­тіп отыр. «Ми – бұлшық ет, сон­дық­­тан оны жиі жаттықтырып тұрған дұрыс» дейді ол. Оның айтуынша, егде жастағы адамдар күн­делікті жаттығу жасай оты­рып, есте сақтау қабілетін жақ­сарта алады және ақыл-ой жұмысымен бел­сен­ді ай­на­лы­сады. Бұл мидың ұзақ уақыт белсенді күйде қызмет етуіне мүмкіндік бермек. «Нақ­­ты қиындық – адамдарды өз әл­­­сіз­­дігін мойындауға сендіру. Егер сіз өз өміріңізде өзіңіздің интел­лектуалды артықшы­лы­ғы­ңыздан бас тартсаңыз, бұл сіздің пайымдауыңыздың айқын­ды­ғына теріс әсер ететінін мойындау қиын болады. Сократ айтқандай, ақылды адам ғана ештеңе біл­мей­тінін мойындай алады» деп жа­за­ды өзінің «Әулетіңіздің абы­ройы арқылы бақытты бола ала­сыз ба?» атты еңбегінде пси­хо­лог Джеймс Флинн. Осылайша, дәл қазіргі уақытта «Флинн эф­фектісі» деп аталатын IQ дең­гейі құбылысын ашудың арқасында профес­сордың есімі әлемге танылып отыр.