- Көзімді ашқалы осы заттарды көріп өстім. Музейге тапсырған жәдігерлердің ішінде кебеже деген сандық іспетті зат бар. Ата-бабаларымыз ішіне асыл немесе сынатын бұйымдарды салып, алып жүрген. Екі жағында қайыспен баулар орнатылған. Яғни бір емес, екі адам көтеретіндей етіп жасалған. Бетінде тақтайшалардан жасалған қақпағы бар. Онда қазақтың оюымен өрнектелген, - дейді ол.
Айта кетейік, Жеңісбек Қадырұлы 2012 жылы «Аймақтар аламанына» қатысып, бас жүлдені жеңіп алған. «Мәдениет майталманы» медалінің иегері. Омбы қаласының 300 жылдығында үш күн қатарынан өнер көрсетіп, «Батыр Жеңісбек» атанған. «Қазақстанның ерекше бес адамы» қатарына енген азамат.