Жылқы кесірінен жол апаты болып, жүргізуші аруханаға түскен
Жылқы кесірінен жол апаты болып, жүргізуші аруханаға түскен
215
оқылды

Polisia.kz хабарлауынша, 29 қыркүйек күні сағат шамамен 12.00-де Қарағанды облысының Сәтбаев қаласынан Жезқазған қаласына бара жатқан автомашинаның 74 жастағы жүргізушісі белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқанда екі жылқыға соғылады.

Нәтижесінде қария рөлді басқара алмай, жолдын қарсы бетіне шығып, келе жатқан 49 жастағы жүргізуші басқарған маршруттық автобусқа соғылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі әртүрлі жарақат алып, медициналық көмекке Жезқазған қаласының ауруханасына жүгінді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Жол жүрісі қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды және тергеу жүргізілуде.