Жиында қаралған өзекті тақырып – Қазақстан мен Беларусь арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық бойынша келісім туралы заң жобасын бекіту болатын.
Осы уақытқа дейін ІІМ-нің бастамасымен көші-қон саласында 23 халықаралық келісімге қол қойылып, 9-на келісім дайындалуда. Осының нәтижесінде: заңсыз көші-қон бойынша ақпарат алмасу жолға қойылды, адамдарды басқа елдерге қайтару мәселесі шешілді, шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімі анықталды, қос азаматтыққа жол бермеу мәселесі шешілді.
Мысалы, ІІМ Көші-қон қызметінің жұмыс нәтижелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстанда жыл басынан бері пысықталған алгоритм бойынша қос азаматтығы үшін жауаптылыққа тартылған 284 бұрынғы азамат анықталды.
Азаматтығынан айырылған адамдар бола тұра, тәртіп бұзушылар Қазақстан Республикасына келу және тұру үшін қазақстандық құжаттарды пайдаланды. Олардың бірқатары шет мемлекеттің азаматтығын қабылдағаны туралы уақтылы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы заң бұзушылықтар үшін 266 адамға (277 800 теңгеден 555 мың теңгеге дейін) айыппұл салынып, 18 адам елден шығарылды. Жаза тағайындау туралы шешімді сот органы қабылдайды.