Ұлттық өнерге сапалы маман қажет
Ұлттық өнерге сапалы маман қажет
228
оқылды
Өйткені  бәсекеге қабілетті болу дегеніміздің өзі дана Абай көк­сеген толық адамды қалып­тастыру, оның санасын Елбасы мін­деттеген рухани жаңғыру ар­қылы жетілдіріп отыру және Мем­­ле­кет бас­шысы өзінің халық­қа Жолдауында айқын­дағандай, еңбек нарығында сұранысқа ие, білікті мамандарды даярлауды бастау болса керек. Соның ішінде, ұлттық өнері­мізді сапалы мамандармен қам­та­масыз ету, олардың білім алу жүйесін қайта қарап, әлемдік стандарттарға сәйкес дамыту деп білеміз. Егер Еуропаның өнер саласын­дағы үздік педагогикасы мен практикасы толығынан тұ­ғыр етіп алынса, онда осы жүйе­де білім-ғылым-технологиялық жаңғыру жүзеге асар еді. Мәселен, өнер, білім ордаларын тәмамдау кезінде болашақ компо­зиторлар, аспаптарда ойнайтындар және орындаушылар үшін теориядан жазы­латын диплом жұмыста­ры­ның орнына өздігінен, өз жаны­нан шығарма жазуына (шығаруы­на) немесе бірнеше аспаптарда әйгілі шығар­маларды орындау шебер­ліктерін көрсетуіне мүм­кіндік туады. Сонымен бірге Мемлекет басшы­сының халыққа Жол­дауында елдің дамуының басты тетігі болып табылатын – ғылым саласын да­мыту туралы да ай­тылды. Ғылымды қар­жыландыру­дың және қолдаудың маңызды көзі – ірі кәсіпорындардың, әсіресе шикізат сала­сындағы компаниялардың қаражаты, яғни тапқан табыстың 1 пайызын ғылым мен технологияны дамы­туға беру туралы қолда­ныстағы норма талаптары сақталмай отыр­­ғаны сынға алынды. Үкі­метке осы қаражатты жи­нақтау ісін орталықтандыруды және оның бюджет арқылы жалпыұлт­тық ғылыми басым­дыққа сай бөлінуін қамтамасыз етуді тап­сырды. Сондықтан  ұлттық өнер саласын­дағы ғылым­ды жалпы­ұлттық ғылыми ба­сымдықтар қата­рына енгізуді қажет деп са­наймыз. Өйт­кені  нақ осы саладағы кәсіби өнер адам­дары­ның, ғалымдардың әлеуметтік жағдайы, алатын еңбекақысы ұлттық өнеріміздің да­муына тежеу болып отырғаны жасырын емес. Оның үстіне, жоғары оқу орындарын, кон­серваторияны бітірген мамандардың (педагог немесе артист) статусы әлі күнге анық айқын­далмаған. Ал мұндай шығармашыл, талантты тұлға­ларды көтер­мелеп, қолдаудың жолын табуда көрші мемлекет­тердің тәжі­рибесі де назар ауда­рады. Еліміздегі жоғары оқу орын­дарында сапа­лы кадрлар даярлау ісінде мынадай  нақты ұсыныс­тарды қарауды сұраймыз: 1. Өнер саласындағы ғылым­ды теориялық, практикалық деп екі бағытта дамыту керек. Мысалы, Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев театр теоретигі емес, бірақ олардың тәжірибесі ғылым деңгейін көтере алады, яғни олардың дәрістерін студенттер аудиториясына пай­далану керек. Осындай жағдай композиторлар мен жеке орын­даушыларға да қатысты болса дуальдық жүйе жанданады. 2. Өнертану саласындағы ғалымдардың, клас­сикалық және дәстүрлі мектептерді сақ­тау­шы орындаушылардың әлеуметтік жағ­дайын жақсарту керек. Бұл, әсіресе жоғары оқу орында­рындағы ғалымдар мен ұстаздарға қатысты. Театр, филармониялардың концерттік сая­сатында кәсібилік сапаны өсіру керек. Яғни, әуес­қойлық творчество мен оның наси­хаты классикалық және дәстүрлі ұлттық өнер­ден басым болмауы тиіс. 3. Ғылыми дәреже беру мен қауым­дас­тырылған лауазым саясатын әлемдік талап­тарға сай түбегейлі өзгерту керек. Яғни, өнерпаздың ресми дипломы емес, шығар­машылығы, сіңірген еңбегі, қай­раткерлігі бірінші орында тұрғаны жөн. Дәрежелер­ді беру қағидаларын бекіту ту­ралы Білім және ғылым ми­нистрінің 2011 жылғы 31 нау­рыздағы №127,128 бұй­рық­та­рына тиісті өзгерістер енгізу – уақыт талабы. 4. Қазіргі кездегі ғылыми жобалар мен ізденістер кеңестік кезеңдегі әдістеме-талап­тардан арыла алмай отыр. Еліміздегі зерттеу институттарында мето­дологияны ұлттық құн­дылық­тарға мейлінше жа­қындату керек. Ғылыми жаңалықтың тәжірибеге тиімділігі ескерілуі қажет деп ойлаймыз. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутат­тарының мәртебесі тура­лы» за­ңы­­ның 27-бабына сәйкес, заңда бел­гі­ленген мерзімде жауапты жаз­баша беруіңізді сұраймыз».  

Дархан МЫҢБАЙ, Мәжіліс депутаты