Алматыда үйлердің қасынан зират салына бастаған (видео)
Алматыда үйлердің қасынан зират салына бастаған (видео)
235
оқылды

Алматыдағы Бостандық ауданының тұрғындары «Бейіттер қорғанымызға дейін жетті» деп дүрлігіп жатыр. Бұған наразы жұрт құзырлы органдарға хат жазып, қатаң бақылауда ұстауын талап етуде.

– Үй мен зираттың арасы кем дегенде үш жүз метр болуы керек. Ал, қазір мұнда 15 метрге де жетпейді. Бізге 49 жылға жалға алғандығы туралы құжаттарын көрсетті. Жерлеуге арналған жерді қалай ғана 49 жылға бергені бізді шынымен де таңғалдырды, – дейді қала тұрғыны Рафаэль Мұхамедов.

Сол жерді 49 жылға жалға алған салттық қызмет көрсету комбинаты санитарлық талаптардың нормасын сақтамай, мүрделерді тым жақын жерге жерлей бастаған. Тұрғындардың айтуынша, сонау 90-жылдары Қарасай ауданына тиесілі болған жерлеу орны екі 2000 жылдары жабылған екен. Алайда, 2015 жылы Бостандық ауданына өтіп, келесі жылынан бастап осында жерлеушілер көбейе түскен.

Осыдан екі жыл бұрын Абай Сағитовтың қоршауының жанына бейтаныс адамды жерлепті. «Қанша айтқанымызбен тыңдамады дейді. Санитарлық талаптың сақталмағаны былай тұрсын, балаларымыз бен немерелерімізді аулаға ойнатуға қорқамыз» деп отыр.

[embed]https://youtu.be/wT0ZHiA0FVQ[/embed]