Жауыз әке: Балаларымды ұрып тәрбиелеймін
Жауыз әке: Балаларымды ұрып тәрбиелеймін
520
оқылды

 «Әке-шешем солай мені тәрбиелеген. Ұлдарымды ұрып, таяқпен тәрбиелеймін. Қалай тәрбиелеймін, өзім білемін. Ешкімнің шатағы болмасын» деді бала-шағасын ұрған әке.

Жазира Бегалының айтуынша, үш баланың анасы Махаббат пен балалардан тергеушілер жауабын жазып алған. Тіпті, келіншек айғақ ретінде телефонын полиция бөлімшесінде қалдырыпты.  Ал өзінің ұлдарын аяусыз ұрғанын дұрыс деп есептейтін әке балалары мен жұбайынан кеше кешірім де сұрамаған екен.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

БАЛА ҰРҒЫШ әке қамалды. Заңды некедегі ерлі-зайыптының ортақ 3 баласы бар. Күйеуі ішімдікке үйір. Некелескен 9 жылда әйел мен балалардың көрген күйі осы. #маңыздысы әйел осыған дейін өзін көкала қойдай сабаған күйеуіне қатысты 2 рет айтып, 2 рет кешірім берген. Ал, бүкіл жұрттың жағасын ұстатқан кешегі оқиғаға қызуқанды әке өкініп тұрған жоқ, ол әйел бала-шағасынан кешірім де сұрамады. Бар айтқаны: "Мені осылай тәрбиелеген. Мен де өз балаларымды ұрып тәрбиелеймін! Шаруаларың болмасын, шешең..." ???‍♀️

Публикация от Гүлмира Әбіқай (@gulmir_ktk)

[embed]https://www.instagram.com/p/CF8s_FclXd2/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed] 4 жыл бойы сол еркектің арақ ішіп, үйінде соғыс ашып, бала-шағасы, әйелін қорлап жатқанын маңындағы ағайын, көршілер білсе де үндемеген. Ал әйел болса  ерінен таяқ жеп, кіші ұлының аузы қанап, жылаған баласын жұбату үшін кешегі кадрларды жасырын түсіруге мәжбүр болған екен. Қазір Қазығұрт аудандық әкімдігі арнайы топ құрып, балаларға психологиялық көмек көрсетпек. Әзірге  іс Облыстық Полиция департаменті назарында. [embed]https://www.instagram.com/p/CF6h9s1FWMq/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed]