Берік Уәли: Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі
Берік Уәли: Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі
248
оқылды
ҚР Президенті Баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қырғызстанда болып жатқан оқиғаларға қатысты Қазақстанның позициясын нақтылайтын жазба жариялады.
«Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі. Қазақстанда бауырлас Қырғызстанмен өзара дәстүрлі достық қатынастарды және стратегиялық серіктестікті нығайту аса маңызды деп санайды. Сонымен қатар көршілес елдегі ахуалды тұрақтандыру ісі Қырғызстанның Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады деп пайымдайды» делінген жазбада.