Қазақстан алтын қоры жөнінен Түркия мен Өзбекстанның алдына шықты
Қазақстан алтын қоры жөнінен Түркия мен Өзбекстанның алдына шықты
161
оқылды

Биылғы тоғыз айдың ішінде Қазақстанның алтын қоры 9,2% немесе 32 тоннаға артқан.

Дүниежүзілік алтын кеңесінің (WGC) мәліметінше, 2019 жылдың 1 қазанында бағалы металдың көлемі 377,3 тоннаны (1 қаңтарда – 345,4 тонна) құраған. Өсім – 9,2% немесе 32 тонна. Осылайша, қазір Қазақстанның алтын қоры елдің халықаралық резервіндегі 66% құрайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан қымбат металдардың көлемі бойынша (ХВҚ есебін қоспағанда) 14 орында тұр. Қазақстанның алдында Португалия (382,5 тонна), ал одан кейін Түркия (362,5 тонна) мен Өзбекстан (325,7 тонна) орналасқан.

Бұл тұрғыда, АҚШ – 8,1 мың тонна, Германия – 3,3 мың тонна және Италия – 2,4 мың тонна алтын қоры бойынша көшбасшылардың үштігіне кіреді. Ресей WGC тізімінде 2,2 мың тонна бойынша бесінші орында, ал Қытай – 1,9 мың тонна көрсеткішпен алтыншы орында.