Aрхеологиялық нысандарды аралады
Aрхеологиялық нысандарды аралады
218
оқылды
Депутаттар алдымен Қазақ­стан­­ның көне тарихи орында­ры­ның бірі «Көне қамал» тарихи-мә­дени мұра ескерткішіне барып, қалашықтың негізгі нысандарын аралады. Былтыр Шымкент қаласы мәслихатының 58-і сессия­сында халық қалаулылары қараған мә­селелер қатарында Шымкент қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті, сондай-ақ қаланың 2050 жылға арналған даму стратегиясын бекіткен еді. Онда республикалық транс­ферт­тен Цитадельді қалпына келтіру жобаларына да қаржы қаралған болатын. Осыған бай­ланысты қа­ла депутаттары бө­лін­ген қар­жы­ның атқарылу ба­ры­сын ба­қылап қайтты. Олар көне қалашықты ара­лап, тамашалау барысында ар­хео­ло­гиялық жұмыстардың нәти­же­лерімен және мәдени ке­шен­ді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.  

Әбілмансұр ЖАСАН