Кімдер жиі пара алады?
Кімдер жиі пара алады?
563
оқылды
Осы ретте, Ranking сарапшылары еліміздің қай өңірінде пара алу фактілері жоғары екенін анықтапты.  Парақорлық бойынша құқық бұзушылық жағынан  Батыс Қазақстан облысы көш бастап тұр. Биылғы жылдың бел ортасында 100 жағдай тіркеліп отыр. Былтырғысы 50 оқиға. Үздік үштіктің қатарына Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстары еніп отыр.  Бұл өңірлерде 75 пара алу оқиғасы анықталды. width= пара

Кім кімді ұстап береді?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424  Call-орталығы жұмыс жасайтынын білеміз. Жемқорлық фактісінің куәгері болған кез келген адам осы орталыққа қоңырау шалып ақпарат бере алады. "Сіздің жемқорды» ұстап бергеніңіз туралы ешкім білмейді" деп сендіреді Call-орталығының мамандары. Бұл жақсылық ешкім марапатсыз қалмайды. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламалар үшін азаматтарға ақшалай төлем қарастырылған. Жыл басынан бері, Call-орталыққа жүгінген 136 адам жалпы сомасы 23,7 млн теңге алды. пара Биыл агенттіктің Call-орталығына 21 мыңға жуық қоңырау келіп түсті. Өткен жылмен салыстырғанда шағымдарушылар 4 пайызға өскен. Оның ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 600 өтініш қаралған. Оның 66-сы қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тексеріліп, 18 іс сотқа жіберілді.  

Диплом мен жәрдемақы рәсімі үшін пара береді

Белгілі болғандай, пара бопсалау оқиғасы қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартпау, жүргізуші куәлігінен айырмау, диплом беру, мүгедектікті, жәрдемақыларды рәсімдеп беру, жұмысқа орналастыру сынды мәселелерде жиі орын алады. Бұл тізімге басшының қарамағындағылардан ақша жинау, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану, мемлекеттік сатып алу процесінде ұрлау, мемлекеттік бағдарламаны орындау кезінде ақша жымқыру, сондай-ақ шағын бизнеске заңсыз қамқорлық және кедергі жасауда ақша дәмету оқиғалары жиі кездеседі екен.

50 000 теңге сұрап, 1 млн айыппұл төледі

Алматы облыстық ауруханасына Қазақстан Республикасының азаматы емес, бірақ Қазақстанда жұмыс істейтін азамат түседі. Одан ақылы палатаға жатқызу үшін 150 мың теңге талап етілген. Бұл палатаның ақысынан бөлек, тек орналастыру үшін алмақ болған ақша. Алматы қаласында пара алғаны үшін 5 полиция қызметкері әшкереленді. Олар заңсыз алған ақшаларына әкімшілік жауапкершілікке тартпай, карантиндік бекет арқылы кедергісіз өтуге мүмкіндік берген. Түркістан облысында Сарыағаш ауданының қаржы бөлімінің бас маманы Қараманов «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға ақша қаражатын бөлу туралы оң қорытынды шығарғаны үшін жергілікті тұрғыннан 350 мың теңге көлемінде пара алды. Кейін бұл ісі әшкере болды. Тараз қаласының тұрғындары Маруан көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін асфальт жабынының жоқтығына қатысты өтініш берген.  Кейін қала әкімдігінің, мердігер ұйымдардың өкілдері мен көше тұрғындары шақырылып, мердігер ұйымдар кәріз жүргізу орындарында асфальтты өз есебінен қалпына келтіруге міндеттелді. Батыс Қазақстан облысында 1424 нөміріне келіп түскен өтініш бойынша «Охотзоопром» ӨБ Батыс Қазақстандық филиалының басшысы сотталды. Ол қарамағындағы азаматты жұмыстан босатпау үшін 50 000 теңге мөлшерінде пара алған. Соттың шешімімен 1 млн теңге айыппұл төледі. Шымкент қаласында статистика департаментінің персоналды басқару қызметінің маманы жұмысқа орналастыру үшін 450 мың теңге сомасында ақша алған.  Бұл әрекеті үшін ол 1,8 млн теңге айыппұл төледі. Атырау қаласы полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы 1,2 млн теңге айыппұл, Қарағанды қаласы патрульдік полиция полкінің полицейі 2,1 млн теңге айыппұл төледі. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін пара алу кезінде ұсталған.

Ең жемқор министрліктердің үздік бестігі аталды

 width= Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі келтірген мәлімет бойынша,  өткен жылы елімізде сыбайлас жемқорлық үшін мыңнан астам адам сотталды. Олардың тең жартысы орталық органдардың мемлекеттік қызметшілері екені анықталып отыр. Жемқорлық фактілері жиі орын алатын министрліктердің үздік бестігінде Ішкі істер министрлігі, Қаржы министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Ауыл шаруашылығы министрлігі еніп отыр. Ішкі істер министрлігінде тергеушілер, учаскелік полиция инспекторлары және ЖПП инспекторлары жиі пара алады. Сыйақы үшін олар азаматтарды қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартпайды, бұрынғы сотталғандарды жеңілдеткені үшін, жол қозғалысы ережелерін бұзған кезде «бармақ басты, көз қысты әрекеттер жиі орын алады». Былтыр Нұр-сұлтан, Алматы қалаларымен Шымкент және Жамбыл облыстарының көлік сақшылары пара алуда алдарына жан салмай тұр. Қаржы министрлігінде бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық үшін 49 адам сотталған. Әсіресе мемлекеттік кірістер органдарында пара алудың «қызыл белгісі» байқалады. Алматы қаласы көш басында. Қорғаныс министрлігінде бір жыл ішінде 28 адам сотталды. Олардың көбі басшылық қызметте болғандар. Қала мен аудандарда әскерге шақыртушылардан пара алынса, сыйлықтар мен іссапарларды рәсімдеу, сондай-ақ мүлікті есептен шығару кезінде бюджет ұрлау аталған министрліке орын алған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде сотталған 20 адам басшылық қызметте болғандар. Ауыл шаруашылығы министрлігінде сотталған 19 адам іссапарларды ресімдеу және жалған жұмысқа орналасу кезінде пара алғандығы анықталып отыр.