Шетелге ұшатын әуе рейстері қайтадан қысқаратын болды
Шетелге ұшатын әуе рейстері қайтадан қысқаратын болды
120
оқылды

Air Astana компаниясы күзгі-қысқы навигация кезеңінде халықаралық рейстерге өзгерістер енгізілетінін хабарлады.

«2020 жылдың 21 қазанынан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасына сәйкес Air Astana Түркия, БАӘ, Украина және Германияға халықаралық рейстер санын азайтады. Осылайша, Ыстамбұлға ұшудың апталық жиілігі 16-дан 12-ге, Дубайға - 12-ден 8-ге, Киевке - 3-тен 1-ге, Франкфуртқа - 6-дан 4 рейске дейін төмендейді. Әуе компаниясы Шарм-Эль-Шейх пен Мальдив аралдарына чартерлік рейстер жасамақ. Ішкі рейстер кестесі өзгеріссіз қалады», – деп хабарлайды компания өкілдері.

Әуе компаниясының президенті Питер Фостер шектеу шаралары коронавирустың таралауына тоқтату үшін қабылданып отырғанын айтты.

«Саяхаттау, туристік және рекреациялық индустрия – бұл әлемдік экономикалық қызмет пен жұмыс орындары ұлғаюының қуатты генераторы. Бұл салалардың 2021 жылдың басында толығымен жандануы өте маңызды, әйтпесе қаржылық және әлеуметтік салдары ұлттық экономика үшін де, адамдардың өмірі үшін де өте ауыр болады. IATA мен біз толық мүше болған Asia Pacific Airlines қауымдастығының (AAPA) хаттамаларына сәйкес халықаралық рейстермен ұшақ жолаушыларды COVID-19 анықтайтын тестілеу осындай қайта іске қосуы үшін маңызды деп санаймыз», – дейді ол.