Жандарбек Бекшин Алматыда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлағанын айтты
Жандарбек Бекшин Алматыда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлағанын айтты
180
оқылды

Бұл туралы брифингте Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты.

«Қазанда Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделеніп жатыр. Осы апта ішінде оқшаулану 10-12 жағдайға дейін өсу байқалады. Тек өткен тәулік ішінде 12 жағдай тіркелді. Атап айтқанда, 10 жергілікті жерде және 2 жағдай Египеттен келген туристерден анықталды», – деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ оның айтуынша, 4 пневмония дерегі тіркелген.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронвирустың таралуын тоқтату үшін сақтық шаралары қайтадан күшейетінін де айтты.