Блокбекеттегі жол апаты: Экс-полицейге қатысты сот үкімі шықты
Блокбекеттегі жол апаты: Экс-полицейге қатысты сот үкімі шықты
130
оқылды

Қарасай аудандық сотында экс-полицейге қатысты үкім шықты.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Азат Азаматов кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деді судья Мәди Көшікбаев.

Сондай-ақ сот Азат Азаматовқа Алматы полиция департаментіне келтірілген материалдық шығын (бүлінген полиция автокөлігі) үшін 5,4 миллион теңге төлеуді міндеттеді. Ал жәбірленуші Динара Аманның пайдасына Азат Азаматов баласы 18 жасқа толғанға дейін бір миллион теңге моральдық шығын және 36 миллион теңге төлеуі тиіс. Қаза тапқан полицейдің әкесінің пайдасына Азаматов бір миллион теңге моральдық шығын және 2,8 миллион теңге материалдық шығын төлеуі керек. Қаза тапқан екінші полицейдің әйелінің пайдасына сотталған адамнан оның үш баласы 18 жасқа толғанға дейін 15 миллион теңге өндіріп алынатыны айтылды.

Айта кетейік, жол апаты мамыр айында блокбекетте болды. Апат салдарынан екі полицей қаза тапты.