«Jas Otan» ЖҚ ұйымдастыруымен өткен «Дүйсенбілік футбол-2020» турнирінің жеңімпаз командалары марапатталды.
«Jas Otan» жастар қанатының жиырма жылдығына орай ұйымдастырылған жарыс 12 қазаннан бастап елорда базарлары мен сауда үйлерінде жұмыс істейтін жастарды жасыл алаңда жинады.
Жарыста қаланың сауда үйлерімен базарларында жұмыс істейітін жас қызметкелерінен құрылған он төрт команда бақ сынасты.
Сауда базарларының сатушылары, ТЖО қызметкерлері, әмбебап жұмысшылар мен курьерлер аз уақыттын ішінде футболшыларға айналып, өз командаларын жинақтап, кубок пен ақшалай сыйақы үшін атойлап алаңға шықты. Турнирдің жалпы жүлде қоры 600 мың теңгені құрады. Барлық ойыншылардың жасы 35-тен аспайды. Бұл басты талаптардың бірі.
Турнир қорытындылары бойынша «Есіл» сауда үйінің командасы бірінші орынды иемденсе, екінші орынды «Астаналық» базарының командасы алды. Үшінші орын «Көк базар» командасына табысталды.
Сонымен қатар, турнир барысында көзге түскен ойыншылар «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» номинацияларында марапатталды.
«Жалпы турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Барлық командалар мықты болды. Әр ойын тартысты өтті. Мұндай турнирлер жиі өтіп, жүздеген жастарды қаланың спорт алаңдарында жинаса екен деймін. Ұйымдастырушыларға рахмет!»,- деді турнир қатысушысы Кукенов Серікбек
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Дүйсенбілік футбол-2020» турниріне екі ай көлемінде республиканың бес өңірінен 100-ден астам команда қатысты.
«Турнир аясында 5 өңірде 100 команда арасында тартысты ойындар өтті. Оның қорытындысы бойынша әр өңір жеңімпаздары анықталды. Турнир жұмысшы жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, бос уақыттарын тиімді пайдалануға баулуды көздейді. Мұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын табады»,-деді «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Бейсенбаев Елнұр.