Әрбір мәселені назарда ұстайды
Әрбір мәселені назарда ұстайды
99
оқылды

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиа­лының төрағасы, облыс әкімі Ғали Ес­қалиев азаматтарды онлайн фор­матта қабылдауды жалғастыруда. Өңір басшысы қабылдауға жазыл­ған азамат­тармен бейнебайланыс фор­матында кездесу өткізді. Осы­лайша, карантин режимі та­лап­­та­рының сақталуы қамта­масыз етілді.

Сондай-ақ бейнебайланыс фор­матындағы қабылдауға Орал қаласының және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары қосылды. Өтініш білдірген азамат­тардың басым бөлігі тұрғын үй және жұмыспен қамту жөніндегі мәселелерді көтерді. Қабылдау барысында облыс әкіміне бiрнеше жыл баспана жалдап жүрген Шыңғырлау ауда­нының тұрғыны өз сауалын қой­ды. Мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін көпбалалы әйелді қызметтік тұрғын үй алу мүмкіндігі қызықтырды. Өңір басшысының тапсыр­масы бойынша ауданда тұрып жатқан қызметтік тұрғын үй алаң­дары мен онда тұратын азамат­тардың санына талдау жүргізіледі. Қызметтік тұрғын үйді тиімсіз пайдалану анықталған жағдайда ауыл­да жұмыс істеп жатқан бас­панаға мұқтаж азаматтарға тұрғын үй алаңдарын бөлу жұмыстары жүзеге асырылады. Аймақ басшысы әрбір мәсе­лені жеке тыңдап, қала, аудан және басқарма басшылығына өтініш білдірген азаматтарға заңнамаға және қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.  

Әбілмансұр ЖАСАН