Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 21 қазан күні Алматы уақытымен 5 сағат 8 минут 4 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы – Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 386 шақырым жерде, Қырғызстан аумағы.
Энергетикалық санаты – 11.2.
MPV магнитудасы – 5,0. Тереңдігі – 5 шақырым.
Жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.