Сайлау – 2021: Партиялық тізімге алғаш рет әйелдер мен жастар квотасы енгізілді
Сайлау – 2021: Партиялық тізімге алғаш рет әйелдер мен жастар квотасы енгізілді
295
оқылды

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы Үндеуінде айтты.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда және «Саяси партиялар туралы» заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.