Коронавирусты анықтайтын ПТР тесті 8 мың теңгеге қай жерде тапсыруға болады?
Коронавирусты анықтайтын ПТР тесті 8 мың теңгеге қай жерде тапсыруға болады?
113
оқылды

Ұлттық сараптама орталығының хабарлауынша, ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» жеке тұлғалар үшін COVID-19 ПТР тестінің құны 8 025 теңгеге дейін төмендеді.

Бұл – қазіргі таңдағы Қазақстан бойынша ең төмен баға. Тесті Ұлттық сараптама орталығының 10 облыстық филиалында тапсыруға болады. Ол үшін орталық сайтында тіркелуден өту қажет. ПТР тест тапсыру үшін филиалдардың жұмыс кестесі және байланыс нөмірлері:
  1. Нұр-Сұлтан қ.: сағат 08.30-дан 13.00-ге дейін Тел.: 8 (7172) 54-71-47, 8 (747) 337-86-56;
  2. Алматы қ.: 09.00-дан 17.00-ге дейін Тел.: 8 (727) 382-32-57;
  3. Атырау қ.: 08.30-дан 12.00-ге дейін Тел.: 8(7122) 32-99-58;
  4. Қарағанды қ.: 09.00-дан 12.00-ге дейін Тел.: 8 (7172) 50-75-93;
  5. Көкшетау қ: 09.00-дан 16.00-ге дейін Тел.: 8 (7162) 26-61-27, 26-48-72;
  6. Қостанай қ: 08.00-дан 16.00-ге дейін Тел.: 8 (7142) 55-54-66, 54-76-82;
  7. Павлодар қ.: 09.00-дан 16.00-ге дейін Тел.: 8 (7182) 62-71-82;
  8. Тараз қ.: 09.00-дан 13.00-ге дейін Тел.: 8(7262) 54-20-33;
  9. Шымкент қ.: 09.00-дан 13.00-ге дейін Тел.: 8 (7252) 43-34-16;
  10. Петропавл қ.: 09.00-дан 12.00-ге дейін Тел.: 8 (7152) 41-34-07.