Елбасы партияны алдағы сайлауға дайындады - Үкібай
Елбасы партияны алдағы сайлауға дайындады - Үкібай
187
оқылды

Тұңғыш Президент - Елбасының баспасөз хатшысы  Айдос Үкібай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент сайлауын өткізуге қатысты шешіміне пікір білдірді. 

"Сайлау  – әрбір демократиялық мемлекеттің саяси жүйесінің маңызды және ажырамас бөлігі. Мұнда биліктің басты көзі халық. Өздеріңіз білесіздер, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияны осы сайлауға мұқият дайындады. "Біз жеңіске ұмытыламыз және ұзақмерзімді саяси көшбасшы болуды көздейміз", – деді Елбасы өткен жылы партияның саяси кеңесінің бюро отырысында", - деп түсіндірген Айдос Үкібай праймериздің сол кезде жарияланғанын еске салды.

"Елбасы праймериздің өту барысын мұқият қадағалап, лайықты кандидаттарға өз дауысын берді , - деді ол.