Туған ағасы інісін өлтірді деген күдікке ілініп отыр, – деп хабарлайды AstanaTV.
Оқиға Ертіс ауданындағы Ертіс ауылында болды.
Полицияның дерегінше, ішімдік ішкен ағайындылар өзара сөзге келіп қалған.
Ағасы інісін аяқпен теуіп, ұрып-соққан. Алған жарақатынан бауыры ауруханада қайтыс болды.
Жанжалдың неден туындағаны тергеу барысында анықталады.
Руфат Кенжин, Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары: «Қазіргі уақытта аталған іске байланысты тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық Кодекстің 106-бабының 3-бөлімі бойынша іс қозғалды. Оған «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыру» бабымен айып тағылып отыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді.