Мемлекет шағын және орта бизнеске қолдау көрсетеді
Мемлекет шағын және орта бизнеске қолдау көрсетеді
395
оқылды

Қазақстан Үкіметі «Жеке кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулыға өзгерістер бекітті. Ол бойынша дағдарыстан зардап шеккен экономика секторларындағы шағын және орта бизнеске көмек көрсетілетін болады.

Дәстүрлі жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «шағын және орта бизнес өте қиын кезеңдерді бастан кешіп отыр. Пандемияның соқысы алдымен соларға тиді» – деген еді. Президент Үкіметке шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан қосымша қолдау көрсетуді, атап айтқанда: несиелерін жеңілдікпен қайта қаржыландыруды тапсырған болатын. Жаңа бекітілген өзгерістер бойынша, COVID-19 пандемиясынан туындаған дағдарыс кезінде зардап шеккен кәсіпкерлер 2020 жылдың 31 тамызына дейін алынған лизинг мәмілелері мен несиелерін «Даму» қоры арқылы ішінара субсидиялай алады. Қолдау алатын  компаниялар мен кәсіпорындар қатарына жеке сауда саласындағы, қонақ үй, туристік қызмет, кинотеатр, фитнес-орталықтар, көлік жөндеу мен техсервис қызметі, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру секілді қызмет көрсететін 29 түрлі сала енген. «Өзгеріс шартттарына сәйкес, кәсіпкер номнал мөлшерлеменің тек 6%-ын ғана төлейді. Ал айырмасын мемлекет өтеп береді», - деді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдері. Бағдарламаға қатысудағы басты шартардың бірі  - кәсіпкерде 2020 жылдың 16 наурызы күнін есепке алғандағы мерзімде 180 күннен асқан несие мөлшерлемесі және/немесе негізгі қарызы бойынша кешіктіру, қарызы болмауы керек. Қолдаудың жаңа шарасы 2020 жылғы 16 наурыз бен 2021 жылғы 15 наурыз аралығындағы кезеңге (субсидиялау кезеңі) көзделген, бұл ретте несие бойынша сыйақының номинал мөлшерлемесі 16 наурыз бен 31 тамыз аралығындағы кезеңге шектелмеген, 2021 жылғы 1 қыркүйек пен 15 наурыз аралығындағы кезеңге 18%-дан аспауы тиіс. Мемлекеттен қолдау алу үшін кәсіпкерлер биыл 30 қазанға дейін банкке өтінім беруі қажет, бұдан әрі «Даму» Қоры банктер берген тізілімдер мен сауалнама-өтініштер негізінде 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде субсидиялау мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.   

Экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларының тізбесі

 
  ЭҚЖЖ Қызмет түрлері
 
1 2 3
1. 45.11.2 Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем сауда объектілерінде автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату
2. 45.11.3 Сауда алаңы 2000 ш. м. (2000 ш. м. және одан жоғары) астам сауда объектілерінде автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату)
3. 45.20 Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу
4. 45.32.1 Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем сауда объектілерінде автомобиль бөлшектерін, тораптар мен керек-жарақтарды бөлшек саудада сату
5. 45.32.2 Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем сауда объектілерінде автомобиль бөлшектерін, тораптар мен керек-жарақтарды бөлшек саудада сату
6. 47 Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда (дәріханалар мен тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудадан басқа)
7. 49.4 Жүк автомобиль көлігінің қызметі және көшу бойынша қызмет көрсету
8. 51.10 Әуе жолаушылар көлігінің қызметі
9. 52.23.2 Әуежайлардың қызметі
10. 55.10 Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі
11. 56.10 Мейрамханалар қызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша қызметтер көрсету
12. 58.2 Бағдарламалық қамтамасыз етуді басып шығару
13. 59.14 Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет
14. 62.01 Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет
15. 68.20 Дәріханаларды және тамақ өнімдерімен, сусындармен және Темекі бұйымдарымен бөлшек сауданы қоспағанда, меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару (сауда желілері және стационарлық сауда объектілері, меншікті жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару, коммерциялық үй-жайларды жалға беру (сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда объектілері)
16. 69.10 Құқық саласындағы қызмет (заң консультанттары )
17. 70.22 Коммерциялық қызмет мәселелері бойынша консультация беру және басқару мәселелері бойынша өзге де консультация беру
18. 71.20.1 Санитарлық-эпидемиологиялық ұйымдардың қызметі
19. 79.1 Туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі
20. 85.10 Мектепке дейінгі білім беру (мектепке дейінгі жеке (Бастауыш) білім беру)
21. 85.20 Бастауыш білім беру (халықаралық мектептерден басқа жеке меншік мектептер)
22. 85.3 Начальное образование (частные школы, за исключением международных)
23. 86.10 Аурухана ұйымдарының қызметі (жеке ұйымдар)
24. 86.10.3 Санаторлық-курорттық ұйымдардың қызметі
25. 86.2 Дәрігерлік практика және стоматология саласындағы қызмет (жеке ұйымдар)
26. 90.04 Концерт және театр залдарының қызметі
27. 93.13 Фитнес-клубтардың қызметі
28. 96.01 Тоқыма және үлбір бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау
29. 96.02 Шаштараз және сұлулық салондары қызметтерін ұсыну
  _________________________