Сoronavirus2020.kz-тің хабарлауынша, өткен бір тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 186 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 27 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 36567, 391 өлім жағдайы тіркелді.
Ал жазылып шыққандардың саны 28 390-ға жетті.
Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда 110 086 адам коронавирусқа шалдыққан.