Nur Otan Ақтауда тұрғын үй құрылыс барысына мониторинг жүргізді
Nur Otan Ақтауда тұрғын үй құрылыс барысына мониторинг жүргізді
226
оқылды
Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбілов және арнайы комиссия мүшелері «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Ақтау қаласында салынып жатқан «Аққу» тұрғын үй кешенінің құрылыс барысына мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында комиссия мүшелері партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Құтты мекен» партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтау қаласында 33-шағынауданда салынып жатқан «Аққу-3» көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты. Тұрғын үй

– Аталған нысан «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатыр. 670 пәтерден тұратын «Аққу-3» тұрғын үйі құрылысының аяқталуын тұрғындар көптен бері күтіп жүр. Қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған, – деді қала әкімінің орынбасары Е.Ізбергенов.