Қостанайда белгісіз біреулер аулада отырған екі адамды пышақтап, бірін өлтірген
Қостанайда белгісіз біреулер аулада отырған екі адамды пышақтап, бірін өлтірген
184
оқылды
Қостанай қаласының полицейлері екі адамды пышақтап кеткен күдіктілерге іздеу салды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қылмыс 21 қазан күні сағат 23:00 шамасында Қостанай қаласындағы Әл-Фараби көшесінде болған. Күдіктілер аулада отырған екі адамды пышақтап кеткен.
«59 жастағы Арқалық қаласының тұрғыны оқиға орнында қаза болды. 61 жастағы екінші жәбірленуші пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оған амбулаториялық ем-дом шаралары белгіленді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.